Тақырыбы: Фирма құқығы.Тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау.
Орындаған:
Тілепберген Шырын
Юсупова Аида
Саматова Зауреш
Тексерген: Куйкабаева.А
Фирма құқығы
Фирмалық атау бір коммерциялық ұйымды басқа коммерциялық ұйымнан ажырату үшін қолданылатын құрал болып табылады.
Фирмалық атауға қойылатын талаптарға заңды тұлғалар атауы туралы жалпы талаптар жатады (АК 38 б. 1 т.). Атап айтқанда, фирмалық атауды таңдауда онда ұйымдастыру-құқықтық түріне (кооператив, серіктестік, акционерлік қоғам және т.б.), жекеменшік түріне (жеке, мемлекеттік) нұсқау болу қажеттігін естен шығармау қажет. Оған қоса ресми бөлімде коммерциялық ұйымды басқалардан ажыратуға мүмкіндік беретін өзіндік ерекше және фантазиялық атау да қолданылуы мүмкін («Баян – Сұлу», «Смак», «Фудмастер» және т.б.).
Коммерциялық ұйымның фирмалық атауы болуға тек құқылы емес, сонымен қатар міндетті. Елімізде фирмалық атауларды тіркейтін жеке процедура жоқ, ал бірқатар елдерде мұндай процедура бар (Финляндия, Италия, Греция және т.б.). Заңды тұлғаны тіркеу кезінде фирманың атауы автоматты түрде бірден тіркеледі. Бұл шын мәнісінде заңды тұлғаны тіркеу болып табылады (1020 б. 2 т), себебі атауы жоқ заңды тұлғаны тіркеу мүмкін емес.Фирмалық атаулар ең алдымен тұтынушыларға, сонымен қатар мемлекетті органдарға қолайлы болу үшін енгізілген. Фирмалық атауларды қорғаудың нақты жүйесі болған жағдайда сапасыз тауарды шығарған және басқа құқық бұзушылық жасаған ұйымды анықтау және жауапқа тарту оңай болады. Сондықтан АК 1020 бабының 3 тармағы түрлі заңды тұлғалардың фирма атауларын қолдануға жол бермеу туралы ережені бекіткен. Зияткерлік жекеменшіктің басқа нысандарынан фирмалық атау иесінің ерекше құқықтарының көлемі айтарлықтай өзгешеленеді. Егер өнертабысөа, пайдалы үлгіге, өндірістік үлгіге, тауарлық белгіге құқықты біреуге беруге болатын болса (сыйлау, сату және т.б.), онда фирмалық атауға ол егер кәсіпорын толығымен қайта құрылса немесе алынса ғана қатысты болады. Кәсіпорын толығымен алынса немесе екі немесе бірнеше заіды тұлғаларды қосы арқылы қайта құрылса онда оның жаңа иесі фирмалық атауды өзгертуі немесе бұрынғысын қалтыруы мүмкін. Бөлу немесе бөлініп шығу арқылы қайта құруда жағдай күрделірек. Біздің пайымдауымызша, болашақ жеке субъектілер бұрынғы фирмалық атауды қолдану туралы сұрақты келісім жасау арқылы шешуі керек. Келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда шешімді сот шығарады. Сот мұндай істерді қарауда өнімді тұтынушылар мүддесі мен бұрынғы кәіпорынның қызметтерін ескеруі тиіс. Фирмалық атаудың дұрыс қолданылмауынан тұтынушылар зардап шекпеуі тиіс. Әрине, тұтынушыларға таныс өнімді шығаруды жалғастыратын жаңа кәсіпорынның фирмалық атауды сақтап қалуы абзал болар еді. Егер өндірісті заңды тұлғалардың екеуі де сақтап қалатын болса, онда оларға фирманың негізгі атауын сақтап, оларды өзгешелеп тұратын сөз немесе сөздің бөігін қосуды ұсынуға болады.