Кейс №8
1. Апелляциялық сатыдағы сот 2014 жылы мамырда іс бойынша өндірісті қысқарту туралы ұйғарым шығарады. 2019 жылы мамырда жауапкер апелляциялық істі қалпына келтіру туралы сотқа арыз береді. Сот аталмыш қаулы шағымдалмайтындығы мен наразылық келтірілмейтінідігі туралы қаулы шығарады.
Ситуацияны түсіндіріңіз, ҚР АПК нормаларына сәйкес пе?.
Істі мәні бойынша шешіп беріңіз.
1.Бұл ситуацияда өндірісті қысқарту туралы ұйғарымның қайта қалпына келтірумен сипатталады.Ситуация Апк нормаларына сай,себебі соттың шағымдануға немесе наразылық бiлдiруге жатпайтын қаулысы ол шыққаннан кейiн дереу күшiне енедi және орындалады. ҚІЖК-нің 10-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелерге қатысты, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны қоспағанда, сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды.
3. Іс мәні бойынша апеллияциялық сот нормаларына ие. Сотталған адам қорғаушының апелляциялық шағымын қайтарып алған және істі қарау үшін басқа негіздер болмаған жағдайда қорғаушының шағымы бойынша қозғалған апелляциялық өндіріс қысқартылады. Шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты үкімді (қаулыны) бұзу немесе өзгерту үшін негіздер болған жағдайда, екінші сатыдағы сот қаулының кіріспе бөлігінде осы сотталған адамның жеке басы жөнінде мәліметтер келтіріп, оның қандай заңмен, қандай жазаға кесілгені туралы көрсетіп, оған қатысты істің ҚІЖК-нің 404-бабының 2-бөлігінің тәртібімен қаралып отырғанына сілтеме жасауы қажет.
Егер шағым берілмеген және наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты сот үкімін (қаулысын) қайта қарау үшін негіздер анықталмаған жағдайда, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында істі толық көлемінде тексеру туралы және осы адамдарға қатысты сот қаулыларын өзгеріссіз қалдыру туралы көрсетілуге тиіс емес. Сот тергеуінің біржақты және толық жүргізілмеуі, егер істегі материалдардың және апелляциялық сатыдағы сотқа қосымша ұсынылған материалдардың негізінде оларды тексермейінше шағымның немесе наразылықтың мәні бойынша шешім қабылдау мүмкін болмаса, үкімді бұзуға негіз бола алады. Үкімді (қаулыны) сотталған адамның жағдайын ауырлату жағына қарай өзгерту, шағымда, наразылықта айыптау тарабы нақ осы негіздерді көрсеткен жағдайларда ғана орын ала алады. Егер үкімге (қаулыға) басқа негіздер бойынша жеке айыптаушы, жәбірленуші, олардың өкілдері шағым берсе немесе прокурор басқа негіздер бойынша наразылық келтірсе, онда сот сотталғанның жағдайын ауырлатуға және осы шағымда немесе наразылықта көрсетілген талаптардың шегінен шығуға тиіс емес. Апелляциялық сатыдағы сот ақтау үкіміне, істі қысқарту туралы қаулыға немесе сотталған адамның пайдасына қабылданған өзге де шешімге шағымды, наразылықты қарау кезінде шағымда немесе наразылықта олардың заңсыздығы мен негізсіздігі туралы мәселе қойылған жағдайда ғана ақтау үкімін немесе істі қысқарту туралы қаулыны бұзуға болатынын назарда ұстауы қажет.
Адамдардың біріне қатысты шағым беру, наразылық білдіру басқа адамдарға қатысты үкімді (қаулыны) бұзу құқығын бермейді. Сотталушының пайдасына шығарылған ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе өзге де шешімнің күшін прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің не оның өкілінің, сондай-ақ ақтау негіздерімен келіспеген сот ақтаған адамның шағымы бойынша ғана жою мүмкін.
2. ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы Қарағанды облыстық сотының 2012 жылғы 19 сәуірдегі қауылысына прокурордың наразылығымен келтірілген қылмыстық істі қараған. Аталған қаулыда Н.Сүйімбаев ҚР ҚК нің 99 бабының 2 бөлігі «в,д,и» тармақтарымен айыпталған қылмыстық ісі қайта тергеуге жіберілген.
Алдын ала тергеуде Н.Сүйімбаев 2011 жылы 16 қарашада өзімен бұрын некесіз бірге тұрған З.Кенжебаевамен өштесіп, 10 жасар баласы К.Талғатты, оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бұзақылық ниетпен және аса ерекше қаталдықпен қасақана өлтірілген деп айыпталған.
Сот қаулысы бойынша істі қайта тергеуге жіберу себептері.
Сотталушы Н.Сүйімбеков өте ауыр қылмысты жасаған деп айыпталуына байланысты оның жеке басының жағдайын, жанұясының бар екенін, туған-туыстары кім, қоршаған ортасында ол қандай адам екендігін және моральдық қасиетін мұқият зерттеу қажет. Сонымен бірге Н.Сүйімбековтың денсаулығын, ақыл есінің дұрыстығыцн, қандай аурумен бұрын ауырғандығын, қылмыс жасаған кезде оның іс-әрекетін қадағалау мүмкіндігінің болған болмағандығын стационарлық сот-психиатриялық сараптама арқылы анықтау керек. Сондай-ақ алдын ала тергеу кезінде кеткен кемшіліктерді жойып, сотталушының әрекеттеріне заң талабына сәйкес баға беріліп, оның дәлелденген әрекеттерін заң талабына сәйкес баға беріп оның дәлелденген әрекеттеріне заң талабына сәйкес баға беріп, оның дәлелденген әректтерін ҚР ҚК нің тиісті баптарымен дәрежелеу керек. Прокурор өзінің наразылығында соттың қаулысымен келіспей, оны бұзып, қылмыстық істі қайтадан соттың қаулысымен келіспей, оны бұзып, қылмыстық істі қайтадан соттың қарауына жіберуді сұраған.
ҚР ҚІЖК нің 303 және 323 баптарының талаптарына сәйкес қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу үшін ол туралы кем дегенде бір тараптың өтініш болу керек. Ал осы іс қайта тергеуге тек қана аталған соттың өз бастамасымен жіберіліп отыр.
Бұл жерде сот өзіне заңмен жүктелген құзырынан асып, айыптау тарапының міндеттерін орындап, қылмыстық істер жүргізу заңының негізгісі соттың бейтараптығы туралы қағидасын орындалмаған. Сол себепті Жоғарғы Соттың қылмыстық істекр жөніндегі қадағалаушы сот алқасы Қарағанды облыстық сотының істі аталған соттың қайта қарауына жібереді.
1. Осы іс бойынша қабылданған шешімдерге баға беріңіздер.
2. Соттың бейтараптығы деген қағиданы қалай түсінесіз?
3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу ерекшеліктері қандай?
4. Қадағалау сатысындағы іс жүргізудің тәртібі қандай?
1. Бұл жерде прокурордың әрекеті оңды,себебі, ҚІЖК-нің 24-бабының талабына сәйкес, сот қылмыстық істі қараған кезде істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.\
Бірінші сатыдағы сот ҚІЖК-нің аталған бабының талабын орындамаған.
Және істі сот сараптамасына жіберіп қайтадан қарау керек.
2. Соттың бейтараптылығы әділ сот талқылауының қажетті шарты, оның элементтерінің бірі болып табылады. Бұл ретте, тәжірибе көрсетіп отырғандай, әділдік субъективті және объективті екі критерий бойынша анықталады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы судьяның істі қарауға деген қатынасын алдын ала анықтайды, ол сотталушыны айыптайтын да, ақтайтын да мән-жайларды, сондай-ақ оның жазасын жеңілдететін де ауырлататын де, нәтижесінде заңды, негізделген де әділ үкім шығаруға мүмкіндік береді. Судьялардың бейтараптығы мен объективтілігінің, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен негізділігінің, қылмыстық сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың маңызды кепілі, егер ол прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған не осы іс бойынша іс жүргізу шешімін санкциялауға қатысқан болса, судьяның істі қарауға қатысуына жол бермеу болып табылады. Сондай-ақ судьяның істі қарауға қайтадан қатысуына жол берілмейді.
3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу ерекшеліктері қандай?
Қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі ерекшелік маңызды шешімдергі шағымдану мен арыздану институты ие,өйткені қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау тек қана қадағалау тәртібіндегі шағым мен арыздың негізінде мүмкін болып табылады. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу өндірісі сот актілерін қайта қаарау жүйесіндегі сот қателіктерін жоюдың бір нысаны болып табылады .Бұл дегеніміз арыз немесе прокурор шағымы болмаса,қадағалау тәртібімен іс жүргізудің туындауы да екіталай.Қажағалау тәртібімен наразылық мен шағым келтірудің мақсаттары
1.бірінші,апеллияциялық сонымен қатар қадағалау сот инстанцияларының заңды күшіне енген актілердің негізділгі мен заңдылығвн тексеру
2.соттардың дұрыс және заңды актілерді шығаруын қамтамасыз ету
3.іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен мүдделері қорғалатындығы туралы қосымша кепіл беру
4.төмен тұрған соттардың қызметіне бағыт беру және олардың қызметіне бақылау орнату.
4. Қадағалау сатысындағы іс жүргізудің тәртібі қандай?
Қадағалау тәртібінде іс-жүргізу азаматтық іс жүргізудің өз бетіндік сатысы және де бұл сатыда сот шешімінің апеллияциялық сатыда және де бұл сатыда қарастырылғандығына қарамастан қлзғала бастады.Қазақстан Респбуликасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 385-бабына сәйкес күшіне енген сот шешімдері,қаулылары,ұйғарымдары мен сот бұйрықтары тараптармен және апеллияциялық шағымдар беруге құқығы бар істі қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей шағымдана алады.
1.Қазақстан Республикасының Бас прокуроры-облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына,Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы және қадағалау алқасына ;
2.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарлары-облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына;
3.облыстардың прокурорларымен мен оларға теңестірілген прокурорлар-облыстық және оларға теңестірілген соттың қадағалау алқасына наразылық келтіруге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |