1. Жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы, кепілге салынған жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды қолдану, жылжымайтын мүлік кепілінің шартын тоқтату не жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар осы объектілердің орналасқан жері бойынша беріледі.
Егер жылжымайтын мүлік объектілері әртүрлі елді мекендерде орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
Егер жылжымайтын мүлік объектілері бір елді мекеннің аумағында орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
2. Мұра қалдырушының кредиторларының мұрагерлерге, өсиетті орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) талап қоюлары баптың бірінші бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес мұраға қалдырылған мүлік орналасқан жердегі соттың қарауына жатады.
3. Мұрагерді лайықсыз мұрагер деп тану, мұраны иесіз деп тану, мұраны қабылдау, мұрадан бас тарту үшін мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы талап қоюлар мұраның ашылған жері бойынша беріледі.
4. Жүктерді, жолаушыларды немесе багажды тасымалдау шарттарынан туындайтын тасымалдаушыларға талап қоюлар тасымалдаушының (көлік ұйымының, жеке кәсіпкердің) орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
5. Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетiн және оның меншiгiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, сотқа талап қоюшының орналасқан жерi бойынша беріледі. 2. Анықтама жүргізу кезінде рұқсатсыз аң аулаған үшін М.І.Тілесов деген азаматты учаскелік инспектор ҚІІБ нің бастығының келісімімен ҚР ҚІЖК нің 132 бабына сәйкес ұстады. Үш күн өткен соң соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Алдын ала тергеу аяқатлып, басты сот талқылауында М.І.Тілесовтің бұрын сотталғандығы ескеріліп, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып айыптау үкім шығады. Жазасын өтеу кезінде, М.І.Тілесов қатты ауырып қалады. Түзеу мекемелерінің әкімшілігі және бақылау комиссиясы сотқа М.І.Тілесовты әрі қарай жаза өтеуден босатуға ұсыныс жасайды.
1. Үкімнің атқарылуын кейінге қалдыру дегеніміз не және үкімде шешілген қандай сұрақтар орындалмай кейінге қалдырылады?
2. Үкімді орындау кезінде туындаған қандай да болсын күмән мене түсініксіздікті ұғындыру дегеніміз не?