1. Қылмыстық-процестік заңның кеңiстiкте қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше қағидалары белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
5-бап.Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы
Қылмыстық сот iсiн жүргiзу процестік әрекетті орындау, процестік шешiмді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Дәлелдемелердiң жол берілетіндігі олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |