1. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату негіздерін анықтаңыз?
Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаса.
Тараптар татуласу келісімін жасаса және оны бекітсе.
Сот сараптама тағайындаған жағдайда.
Құқықтық көмек көрсету туралы өтініш берілсе.
Тараптар татуласу келісімн жасаса.
Іс азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпаса.
Сол іс бойынша қабылданған төрелік шешім болса.
1)Сот талап қоюшының талап қоюдан бас таруын қабылдаса.
2)Тараптар татуласу келісімін жасаса және оны бекітсе.
5)Тараптар татуласу келісімін жасаса.
6)Іс азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпаса.
7)Сол іс бойынша қабылданған төрелік шешім болса.
1) Сот талап қоюшының талап қоюдан бас таруын қабылдаса. Талапкер талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қоюдың талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе талап коюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту істі мән бойынша қарау аяқталғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жүргізіледі. Талап қоюдан бас тартуға бірінші сатыдағы сот шешім қабылданғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жол беріледі. Жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады.
Кассациялық шағым немесе наразылық білдірілгеннен кейін жасалған талап қояшының талап қоядан бас тартуы, тараптардың бітімгершілік келісімі немесе реттеу туралы келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін, бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген дейін талап қоюшыға немесе тараптарға олардың іс жүрізу іс -әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдау, тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту кезінде кассациялық саты шығарылған шешімнің күшін жойып, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады. Егер сот осы Кодек негізінде талап қоюдан бас тартуды, бітімгершілік келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді қабылдамаса, ол істі кассация тәртібімен қарайды.