Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, сот бұл мәселені татуласу келісімін бекіткен осы даналарының біреуін іс материалдарына тігеді
Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, сот бұл мәселені татуласу келісімін бекіткен осы даналарының біреуін іс материалдарына тігеді.
Татуласу келісімін іс жүргізуінде іс жатқан сот бекітеді. Егер татуласу келісімі сот актісін орындау процесінде жасалған болса, ол сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың бекітуіне немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.Сот татуласу келісімін бекіту туралы мәселені сот отырысында қарайды.Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабараланады. Татуласу келісімін жасасқан тұлғалар сот отырысына келмеген жағдайда, егер осы адамдардың осы мәселені өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз түспесе, сот татуласу келісімін бекіту туралы мәселені қарамайды. Сот татуласу келісімін бекіту туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша ұйғарым шығарады. Егер татуласу келісімізаңға қайшы келсе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді.