Кейс №15 1. Сот орындаушысы борышкердің өз берешектерін жабу үшін жеткілікті ақша сомаларының жоқтығына байланысты, оның қымбат заттар мен бағалы тастарына өндіру салды. Олардың құнын борышкерден сұрай отырып, бағалы бұйымдар мен құнды тастарды сақтауға куәлердің қатысуымен борышкердің жұбайына өткізді.
1.Сот орындаушысымен әрекеттері дұрыс па?
2. Борышкердің берешектерін өтеттіру жолдарын көрсетіңіз.
3. Істі мәні бойынша шешіңіз
1) Сот орындаушысына соттан борышкерге қатысты атқару парағы келіп түскен соң, Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңының 55-бабына сәйкес (Борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алу тәртiбi), бірінші кезекте борышкердің борышты өтеуге қатысты қолма-қол ақша сомалары не банкте тұрған ақша сомалары бар жоғын анықтап, борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде өндіріп алу үшін борышкерге тиесілі басқа мүлікті борышын өтеу үшін белгілейді. Оған пайдалануға тыйым салады.Сондай-ақ Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңының 69-бабы бойынша Сот орындаушысы сақтаушыдан сақтау қолхатын алу арқылы сақтау шарты негiзiнде тыйым салынған мүлiктi сақтауға берудi жүзеге асырады. Және осы заңға сәйкес сақтаушы болып кез-кезген отбасы мүшесі бола алатындықтан сот орындаушысы әрекеттері заңға сәйкес орындалды деп есептеймін.
3) Атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алу, егер атқарушылық құжатта өзгеше тәртiп белгiленбесе, бiрiншi кезекте борышкердiң ақша сомаларына, оның iшiнде банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда тұрған ақша сомаларына да қолданылады. Борышкердiң бухгалтерлiк (кассалық) құжаттары бойынша көрсетiлген қолма-қол ақша сомаларынан өндiрiп алу олар ұсынылған соң борышкердiң келiсiмiне қарамастан немесе олардың сақталу орнына қарамастан табылған соң дереу жүргiзiледi. Борышкердiң қолма-қол ақша сомалары, оның iшiнде борышкер кассасының сейфiнде сақтаулы және осы кассаның оқшауланған бөлмесiнде немесе борышкердiң өзге де бөлмелерiнде сақтаулы ақша сомалары, егер олардың борышкерге тиесiлi екендiгi анық белгiлi болса, табылғаннан кейiн дереу алып қойылуға тиiс. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде өндіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке қолданылады. Борышкердiң басқа мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, өндiрiп алу борышкердiң атқарушылық құжат бойынша құны өндiрiп алу мөлшерiнен асатын мүлкiне қолданылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда мүлiктi сатқаннан түскен сома, атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алынған сома мен орындау жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі сомалар шегерiле отырып, борышкерге қайтарылады.
4) Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңына сәйкес егер борышкердің борышты қайтаруға қолма-қол немесе банкте ақшасы болмаса, онда борыш жаңа аталған борышкерге тиесілі бағалы тастар арқылы өтеледі. Алдымен бағалы тастарға тыйым салып, соңынан осы тастарды бағалау үшін бағалаушы тағайындап, мүліктің құнын анықтайды. Бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өткізіп, борышты өтейді.
2. Үш ай өткен соң тергеуші іс бойынша алдын ала тергеуді қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады. Ұрлық жасауға үш адам жастары кәмелетке толмаған жастар екені анықталды және оларды қылмыстық топқа ұйымдастырған, бұрын екі рет сотталған Н.А.Дастанов қылмыстық жауапқа тартылды. Іс бойынша алдын ала тергеу аяқталған соң, іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберіледі.
1. Осы істі сотта қарау тәртібі қандай, жастар жөніндегі материалдар бөлініп жеке тексерілуге тиіс пе?
2. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қандай мән жайлар анықталуға тиіс?
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 44-бап Қылмыстық iстi бөлектеп алудың 2-бөлігі, сондай-ақ, 533-бап Кәмелетке толмаған адам туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөліп шығарудың 1-бөлігі бойынша ересектермен бiрге қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысқан кәмелетке толмаған адамға қатысты iс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жеке iс жүргiзуге бөлiп шығарылады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты жеке iс жүргiзуді бөліп шығару iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу мақсатын көздейді. Сондықтан Н.А.Дастанов пен кәмелекетке толмаған жастардың ісі сотта бөлек қаралады. Кәмелетке толмағандарға қатысты істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды.
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 531-бабына сәйкес Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауын жүргiзу кезiнде анықталуға жататын мән-жайға мыналар жатады: