1) осы Кодекстiң 499-бабы екіншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдемелер ұсынуға, дұрыс емес аударма жасауға немесе iстi тергеп-тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық әрекеттер үшiн кiнәлi адамдарға қатысты үкiмнiң, қаулының заңды күшiне енген күні;
2) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы қорытынды шешім қабылдаған күн;
3) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес прокурор жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды жасаған күн есептеледi.
Кейс №19 1. «Новый путь» құс фабрикасы фермер Подкопайлоға екi ғимарат орнын жалға бередi, алайда ғимарат орындары фермерге iс жүзiнде өткiзiлгеннен соң тек 6 айдан кейiн ғана шартқа қол қойылады. Құс фабрикасы мен фермер арасындағы шарттық қарым-қатынастар тек шартқа қол қойылған күннен бастап пайда болғанына сүйене отырып, фермер жалға алған орынның ақысын тек шартқа қол қойылған күннен бастап қана төлейдi, ал алдыңғы алты айға ақы төлеуден бас тартады. Дауды сотта қарастыру кезiнде фермер шартқа уақытында қол қойылмау себебi –құс фабрикасы жалға беретiн орынды шарт мақсаттарына бейiмсiз күйде өткiзгенiн және фермердiң өзi оны қайта жабдықтағанын айтады. Ал құс фабрикасы өз кезігінде ғимаратты жалға берiлген күннен бастап орынның бiр бөлiгiн тракторлар бөлшектерiнiң қорын сақтау үшiн пайдаланғанын растайтын құжаттарды ұсынады.
Істі мәні бойынша шешіңіз
Егер де фермер ғимаратты өзінің көршісі Петровтан алған жағдайда, шешім өзгереді ме?