Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға берушi үйдi немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi. Үйдi немесе ғимаратты жалдау ақысы шартта үй (ғимарат) алаңының бөлiнiсiне немесе оның көлемiнiң өзге көрсеткiшiне белгiленсе, жалдау ақысы жалға алушыға берiлген үйдiң немесе ғимараттың нақты мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен келiсiлген мерзiмдерде, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өз есебінен күрделi жөндеу жүргiзуге міндетті.
Жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайда болып, шұғыл қажеттiлiк туғызған жөндеудi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушi қисынды мерзiмдерде өз есебiнен жүргiзедi.
3. Жалға берушiнiң күрделi жөндеу жөнiндегi мiндеттерiн атқармауы жалға алушыға өз қалауы бойынша: