Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Қиял-ғажайып ертегілердегі мифтік танымның айрықша көрінісі
(№2 МӨЖ)
Орындаған: Валихан М.С. магистрант
Тексерген: Кушкимбаева А.С. PhD, доцент
Ақтөбе, 2022
Қиял-ғажайып ертегілердегі мифтік танымның айрықша көрінісі
Кіріспе
Қиял-ғажайып ертегілердегі мифтік образ
2.1 Ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы
2.2 Ертегілердегі мифтік кейіпкердің көрінісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Қиял - ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет- ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат,т.б.)ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Қазақтың Қиял - Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. Мифтердің сонымен қатар ертегілерден мынадай ерекшеліктері ажыратылып көрсетіледі:
- ертегілерде ашық қиялға белгілі бір негіздемелер қондырылады. Яғни, мәселен, ертегілерден адам санасының ойлау дәрежесі аңғарылғанмен, ол көпшілік қауымға бірдей түсінікті деңгейде болмайды. Ертегілердің арасында ойға сыймайды деп есептелгенімен, сол замандарда іске асқан нәрселер болады. Мәселен, «Ұшқыш кілем», «Тазшаның қырық өтірігі» сияқты қазақ ертегілерінде белгілі бір шындық бар екендігі қазіргі кездері дәлелденіп отыр.
- Мифтерден айырмашылығы, ертегілерде тарихи шындықтарға ондай көп мән берілмейді.
- Ертегі табиғи, қоғамдық және тәңірлік процестердің ұғымдары ретінде қабылданбайды.
Демек әдеби жүйедегі мифтік зерттеулер, бір жағынан алғанда, сол халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен терең байланысты болса, екінші жағынан, оның астарында небір сырлардың жасырынып жатқанын, оның жан-жақты зерттеу кезінде ғана ұғынылатынын байқай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |