Реферат Тақырыбы: Қиял-ғажайып ертегілердегі мифтік танымның айрықша көрінісі (№2 МӨЖ)



бет4/5
Дата17.11.2023
өлшемі27,82 Kb.
#191605
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Валихан М. Мифопоэтика №2 МӨЖ

Жезтырнақимек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық. Жезтырнақ ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады. Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді. Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтарды айламен жеңеді. Сондай аңыздардың бірінде іңір қараңғысында бір жас келіншектің алаулатып от жағып отырған аңшының қасына келгені баяндалады. Аңшы оны дәмге шақырады. Ол үнемі, тіпті тамақ жеп отырғанда да мұрнын жеңімен көлегейлей бергеніне қарап әйелдің пері екенін аңғарады. Әйел кеткеннен кейін аңшы оттың қасына бөрене тастап, оны өз киімімен жабады да, мылтығын оқтап, ағаш басына шығады. Түнде жезтырнақ қайтып келіп, бөренені тарпа бас салады, тырнағы ағашқа бойлай кіріп кетеді. Сол кезде аңшы әзәзілді дәл көздеп атып өлтіреді.
Жауыз пері обыр түнде молаларды кезіп, өлген кісілердің мәйіттерін қазып жейді. Көбіне-көп обыр – қаусаған өлмелі кемпір. Ол қараңғы түнде келіп, тауықтың жұмыртқасын ұрлайды, сиырдың сүтін еміп қояды, қорада тұрған малды айдап әкетеді. Кейбір обыр ұйықтап жатқан адамдардың қанын соратын қансорғыш қара мысыққа айналады. Зұлым адамның жаны обыр болады. Ол тыншымай, адамдардың зәре-құтын алып, берекесін қашырады.
Ұсқынсыз жәдігөй Мыстан кемпір адамдарға көп жамандық жасайды. Мыстан балаларды ауыстырып қояды, бәйгелерде тұлпарды қулықпен басып озбақ болады. Өзі жер асты патшалығында ұстайтын тұтқындарды жейді, дәудің ұлдарымен бірге өлілер мен тірілер әлемінің шекарасындағы о дүниенің, Еркіліктің жер асты патшалығының есігін күзетеді. Кейбір мифтерде Жалмауыз кемпір – қорқынышты құбыжық. Бұл әзәзіл адам тұрағынан аулақ, таулар мен ормандарда өмір кешеді. Алба-жұлба киінеді.
Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирек басатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді. Аяқтарының орнында қайыс белбеу болады. Өздері адам ұшырасқанша тырп етпей күтіп жатады екен. Меңіреу жыныс орман ішінде адам келе жатса, кенет алдынан шыға келіп, таңырқаған жолаушыны атымен атап, жайма-шуақ сөйлесіп, жол көрсетуге уәде береді. Сөйтіп, сенімге кіріп алған Көнаяқ қалжыраған жолаушыға қарғып мініп, оны қайысымен байлап-матап, әбден әлі құрып, өлесі болып құлағанынша қуалап мініп жүреді.
От – Ұмай Тәңір-Ананың адамға сыйлаған жылуы мен ризығын бейнелейтін құдірет (ежелгі түркілер солай деп санаған). От-Ана құдайы Ұмай Тәңір-Ананың табанынан жаралған. Оның әкесі – құрыш, шешесі – шақпақ тас. От-Ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі От-Ананың желеп-жебеуімен болады. Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш табалдырықтан аттағанда, күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір егде әйел алақанын отқа жылытып, сонымен қалыңдықтың бетінен сипайды. Табиғат пен тіршілік – адам қиялының қайнар көзі. Мифтерде халықтың шынайы тұрмыс-тіршілігі де, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар да көрініс тапқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет