1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа? Судья іс әрекеті дұрыс, Қр аіжк 38 бабында



бет97/178
Дата24.08.2020
өлшемі219,71 Kb.
#76805
түріҚұрамы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   178
Байланысты:
Құқықтану гос жауаптары (1)

Кейс №20

1. «Стройсервис» АҚ мен жеке кәсіпкер Федоровтың арасында акционерлік қоғам «Вольво» жүк көлігін, ал Федоров оған 3 бөлмелі пәтерді беретіндігі туралы шарт жасасты. Бірақ, АҚ «Вольва» швед жүк көлігінің орнына Федоровқа тіркемемен жабдықталған «Камаз» көлігін береді. «Камаздың» бағасы біршама төмен болғандықтан, АҚ тағы 100000 тг төлесе, Федоров оны қабылдайтындығы туралы айтты. Бұл келісім алдыңғы жасалған шартқа қосымша болып тіркелді. Кейін тараптардың арасында жасалған жеткізу шартының мерзімі шарттың маңызды мәні болғандықтан, ал олар мерзімді көрсетпегендіктен, олардың арасында шарт жасалмаған болып саналады деп, АҚ 100 мың тг төлеуден бас тартып, Федоровтан «Камаз» көлігін қайтаруды талап етеді. Федоров қарсылығын білдірді. Пайда болған дауды қарастыру мәселесі сотқа берілді.
Істі мәні бойынша шешіңіз.

1. Айырбас шарты тиісінше сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 502-бабының 2-бөлігінде егер айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылса, бағасы айырбастауға берілетін тауардан кем тауарды беруге міндеттелген тарап, бағадағы айырманы тікелей өзі төлеуге тиіс делінген.яғни АҚ Федоровқа 100 000 теңгені беруі тиіс. Ал шартта мерзімнің көрсетілмеуіне байланысты АҚ-ның міндеттемені орындаудан бас тартуы негізсіз. Себебі ҚР АК-нің 207 бабының екінші тармағында міндеттеме ол орындалатын мерзім көзделмесе және бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарт болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуы тиіс. Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған міндеттемені борышқор несие беруші оның орындалуын талап еткен күннен бастап 7 күн мерзімде орындауға міндетті.

2. Абай қаласының прокурорына азамат Түлекбаев арыз жазып, арызында 6 ай бұрын жасалған қылмыстың куәсі болғандығын көрсетеді. Түлекбаевтың мәлімдеуі бойынша оның көз алдында танымайтын ер адам бір жас жігітке екі рет пышақ салып алған. Қылмыскердің жанында Түлекбаевтың танысы Темерханов болғандығын көрсетеді. Өзінің аяқ астында ауырып, Алматы қаласында емделіп, Қарағандыға қайтып келгенде естігені: сол қылмыс бойынша өзінің танысы Темерханов 6 жылға сотталып кетіпті, бірақ жәбірленушіні пышақпен ұрған Темерханов емес. Түлекбаев танымайтын бөтен адам.

1. Осы жағдайда баға беріңіздер?

2. Іс бойынша қандай шешім қабылдануы мүмкін?

2. Осы туындаған жағдайды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 499-бабының 4-бөлігіне сілтеме жасай отырып шешеміз. Яғни үкім, ұйғарым шығару кезінде сотқа беймәлім болған, өздігінен немесе бұрыннан анықталған мән-жайлармен бірге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы мән-жайлар анықталған кезде сот іс жүргізуді қайта бастауы мүмкін. Сондай – ақ 501-бапта іс жүргізуді қайта бастау айыптау үкімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сотталған немесе ақталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзіммен шектелмейтіні көрсетілген.
Кейс №21
1. Сот сырттай шешім шығарды. Жауапкер сырттай шешімнің күшін жоюдың және істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы арызбен сотқа жолданды. Арызды қарау барысында жауапкердің келмей қалу себебі қызметтік іс-сапарға кетуі болғаны анықталды. Қандай да бір басқа іс бойынша жаңа мән-жайлар мен дәлелдемелерді жауапкер бермеген, бірақ сот даулы құқықтық қатынасты реттейтін құқық нормасына дұрыс емес талқылаған және сотқа өз пікірін білдіргісі келетінін атап көрсеткен. Сот арызды қанағаттандырды.


  1. Соттың әрекеті дұрыс па?

  2. Сырттай шешімді жоюға не негіз болып табылады?

  3. Сырттай іс жүргізудің негіздері?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет