1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет16/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Бақылау – мәліметтер жинауда барлық ғылымдарда ежелден қолданылып келе жатқан кең тараған әдіс. Бақылау процесі белгілі бір қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.Кез келген қабылдау бақылау бола бермейді. Ғылыми бақылау – белгілі бір мақсатқа сәйкес құбылысты мұқият қабылдау болады. Жай бақылауға қарағанда, ғылыми бақылау жоспарлы да жүйелі түрде, белгілі бір зерттеу мақсатында қабылдау болып табылады.Ғылыми бақылаудың түрлері: еркін бақылау және тексерілетін бақылау, тікелей және жанама бақылау, өзі қатыса отырып бақылау және сырттай бақылау, жаппай бақылау және жеке-дара бақылау.
Тікелей бақылау деп керекті құбылыстарды зерттеуге зерттеушінің өзі қатысып, өз көзімен көріп немесе құрал-сайманның көмегімен тікелей жүргізетін бақылауды айтады. Ал жанама бақылау деп зерттеуші құбылыстың өзін тікелей бақыламастан, соған қатысы бар басқа құбылыстарды бақылау арқылы жанама қорытынды жасауды атайды.
Егер зерттеуші бақылауға алыңған топтың өмірі мен іс-әрекетіне белсенді түрде тікелей қатыспастан, адамдардың мінез-құлқын, қарым-қатынасын сырттай қадағалап жүретін болса, мұндай бақылау сырттай бақылау деп аталады, ал егер, керісінше, зерттеуші бақылауға алынған топтың өміріне тікелей қатынасып, онда белгілі бір рөл атқаратын болса, онда бұл қатыса отырып бақылау деп аталады. Бақылаудың бұл соңғы түрі толып жатқан адамдардың мінез-құлқы жайлы әлдеқайда толығырақ материалдар жинап алуға мүмкіндік береді. Ал егер бақылаудың бүл түрін қолдануға болмайтын жағдайда, мәселен зерттеушінің оған уақыты болмаса, онда топқа қатысушы басқа адамның көмегімен бақылау жүргізуге болады.
Бақыланатын құбылыстардың сан мөлшеріне қарай жаппай немесе жеке-дара бақылау әдістері қолданылады. Жеке құбылысқа, жеке әлеуметтік топтың өміріне бақылау жүргізу керек болғанда, мәселен семьялық қарым-қатынасты немесе семьялық бюджетті зерттеу қажет болғанда, жеке-дара бақылау әдісі қолданылады. Ал жаппай бақылау әдісі белгілі бір салаға жататын қоғамдық құбылыстардың барлығын немесе көпшілігін зерттеу қажет болғанда, мәселен белгілі бір елдегі немесе өндіріс саласындағы еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын зерттегенде, жаппай бақылау әдісі қолданылады.
Ғылыми бақылаудың айрықша және аса күрделі формасын эксперимент деп атайды.
Эксперимент дегеніміз зерттелетін құбылысты жасанды түрде қолдан жасау /тудыру/ арқылы бақылауды айтады. Мұның қиындығы сол, жасанды құбылыс табиғи құбылысқа дәл сәйкес келмейді, өйткені мұнда адамдардың өзара қатынасы, мінез-құлқы табиғи жағдайдағыдай болмайды. Оның үстіне, табиғат құбылыстарына қарағанда әлеуметтік құбылыстар әлдеқайда күрделі болғандықтан, әлеуметтік эксперимент жасау да оңай емес. Зерттеуде бақылаудың қай әдісі қолданылмасын, оның ойдағыдай іске асуына қойылатын бір міндетті талап бар: бақылаушы құбылыстардың барысына ықпал жасамастан, құбылыстар қалай жүріп жатса, сол күйінде қабылдау қажет. Тек эксперимент жасағанда ғана белгілі бір ықпал жасауға тура келеді.
Бақылаудың нәтижесін дұрыс жазып алудың маңызы зор. Ол күнделік жүргізу, фотосүретке немесе кинофильмге түсіріп алу арқылы және басқа жолдармен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет