1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет12/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негізгі құралы етіп барлық қазақ ауылдарында орыс-қазақ мектептерін ашуды міндет етіп қойды. Өзі бас болып «Киргизская христоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуге баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. Ыбырай Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы және Қазақстанның өндірістік дамуына септігін тигізетін ғылыми және практикалық білімін қабылдаудың әдісі деп санады. Осы идеясын іске асыру үшін ол 1883 жылы Торғай қаласында қол өнер мектебін (ремесленная) ашты. Алтынсарин пікірінше, нағыз адамдар – ол ғылымды игеріп,біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін адамдар. Ғылым адамды надандықтың түнегінен шығарады, оның ой өрісін шексіз кеңейтеді дейді. Оның түсінігі бойынша білім деген, айналадағы ақиқатты тану. Сонымен Алтынсариннің әлеуметтік идеясы қоғамда ғылым мен білімнің ролін дәріптеуге бағытталған. Өзінің шығармаларында ол жергілікті өкімет, сот орындарының өкілдерін, молдаларды сынады. Ол оқушылардың бойына ізгілік өрнегін егу үшін «Қырғыз христоматиясында» демократия және гуманизм рухында жазылған өлеңдер мен әңгімелерді шығарды. Алтынсарин замандастарын гуманизм рухында тәрбиелеуге тырысты, оларды кедейлерге, бақытсыздыққа ұшыраған адамдарға көмек беруге шақырды. Өз дәуірінде Ы.Алтынсарин Қазақстанның экономикалық даму келешегін, қазақ халқының болашағы, оның қандай жолмен алға басатыны туралы аса құнды, терең құнды ой-пікірлер айтты. Ол әлеуметтану мәселелері туралы арнайы еңбек жазбағынымен, ресми баспа орындарында басылып шыққан мақалалары оның әлеуметтанудан терең білімі барлығын байқатады.
Абай Құнанбаевтың философиялық-әлеуметтік көзқарастары ХIХ ғ. Екінші жартысымен ХХ ғ. басында қалыптасты. Абай әлуметтанудан арнаулы еңбек жазбағанымен ол қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтағы бұхара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғары әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым, білімен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің маңызды ролі туралы терең ой айтқан, және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты алғаш рет мәселе қозғап, оны өзінше шешкен. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның құрылымы бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейтесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөліну және жекеменшік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот існ жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы т.б. жатады. Абайдың ойынша, елдің жақсы жаман болуы оның ынтымақ берекесіне байланысты. Оның айтуынша, адамды қор қылатын үш нәрсе бар: надандық, еріншектік, залымдық. Надандық –білім, ғылымның жоқтығы. Абайдың әлеуметтік көзқарасында, байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайын, қоғамдағы алар орнын салыстырып, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болды.
Билердің шешімі Абай үшін тек қана басқару үшін емес, сонымен қатар халықтың дәстүрі мен танымынан тамыр тартқан толық ұғым (концепция). Абай үшін бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайды. Сондықтан ол ресейлік заңға жат көзбен қарады. Абай биліктің жағдайын және оның баптарын жақсы білген. Өзі де заң шығаруға қатысқан. Ол әкімшілік және сот мәселелері туралы өз пікірлерін ашып айтты. Қазақстанның дамуына жол ашып, оны артта қалулықтан құтқарудың негізгі құралы – орыс білімі арқылы халықты ағарту деп санады. Абай халықты оқыту жұмысын бір орталықтан басқарып, жас буынды тәрбиелеуде мемлекет тарапынан үздіксіз қамқорлықтың керек екенін көрсетті. Бұл идея игілікті идея болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет