1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет20/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Қоғамның типологиясы. Марксистік дәстүр бойынша қоғам типтері өндіріс амалдары бойынша анықталады, осыған сәйкес қоғамның феодалдық, капиталистік, социалистік және коммунистік типтері болады. Қоғамдарды классификациялау ондағы басым дін немесе тіл түріне қарай да анықталуы мүмкін. Дж. Мен Г.Ленски қоғамды тіршілік ету амалдарының сипатына қарай классификациялады:
Аңшылық және жинап-терумен тіршілік етуші қоғам.
Бау-бақшалық қоғам. Ең алғаш таяу Шығыста пайда болып соңынан Қытай мен Еуропаға тараған
Аграрлы қоғам. Ең алғаш Ежелгі Египетте пайда болды.
Өндірісті қоғам. XVIII ғасырда Ұлыбританияда басталған индустриализацияның ықпалымен пайда болды.
Қоғамдардың жіктелуі. Адамзат қоғамының пайда болуы дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше алғашқы қоғамдар 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қауымдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің негізінде пайда болған. Бұл – бұл құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну болала қоймаған қоғам. Бұл «алғашқы қауымдық қарапайымдық қоғам». Адамдар мал шаруашылығы мен егіншілікке, одан көшпенділік пен отырықшылыққа жетті. Осылардың нәтижесінде қоғамда басы артық өнімдер пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігі пайда болды. Бұл қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың пайда болуына алып келді. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамды басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік пайда болды.
Ғылыми әдебиеттерде қоғамды жіктеудің түрлі өлшемдері кездеседі. Мысалы, жазбаға дейінгі және жазбасы бар қоғам, демократиялық даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам, діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиялық, католиктік т.б. қоғамдар деп бөледі. Марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға бөледі: алғашқы қауымдық қоғам, құл иеленуші қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, коммунистік қоғам. Ғалымдар капитализмнің өзін: бастапқы капитализм, бюрократиялық капитализм, олигархиялық капитализм, демократиялық капитализм деп жіктейді. ХХ-ы ғасырдың ортасында американ ғалымдары Даниел Бел, Уолд Ростоу, француз ғалымы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы» туралы теорияға сәйкес, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі: 1) индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлы немесе дәстүрлі қоғамдар деп атайды. 2) индустриалдық қоғам, 3) постиндустриалдық қоғамдар. Индустриалдық қоғам кезеңінде әлеуметтік институттар пайда болды. Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы ХХ ғасырдың соңғы ширегінен басталды. Мұны З.Бзежинский «технотрондық қоғам», Элвин Тофлер «үшінші толқын», И.Масуда «Ақпараттық қоғам» деп атайды. Мұндай қоғам экономикасының негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету. Бүгін әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана мұндай қоғамға қол жеткізді.
Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама беру керек. Жүйе-өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Қоғам- бір-бірімен байланысты, ықпалдас әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығынан тұратын әлеуметтік әлеуметтік жүйе. Сондықтан қоғам – күрделі құрылымды, өздігінен дамып отыратын әлеуметтік жүйе. Қоғамның құрамдас бөліктеріне индивидтер, әлеуметтік институтар мен ұйымдар, топтар мен қауымдар, байланыстар мен әрекеттер, нормалар мен құндылықтар, өзара қарым-қатынастар,т.б. жатады. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Әлеуметтік жүйе адамдар қауымынан (әлеуметтік топтардан, әлеуметтік ұйымдардан, т.б.) тұрады. Ал адамдар қауымы қоғамда алатын орнына, әлеуметтік позициясына, атқаратын нақтылы әлеуметтік қызметіне, әлеуметтік жүйеде қабылданған әлеуметтік нормалар мен құндылықтарына т.б. орай іс тіртібі қалыптасқан адамдардан тұрады.
Әлеуметтік жүйеге түрлі мұраттар кіреді (наным-сенім, елес түсініктер).
Әлеуметтік құрылымның түрлеріне: наным, сенім, елесті біріктіретін идеалды құрылым; құндылықтар, нормалар, жоспарланған әлеуметтік ролдеренетін нормативтік құрылым; позиция мен мәртебелердің өзара байланыстары мен жүйенің қайталану сипатын білдіретін ұйымдық құрылым; дәл сол кезде онымен бірге қосарланып өмір сұріп жатқан элементтерден тұратын кездейсоқ қосылған қорлар, т.б. жатады.
Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.
Әлеуметтік байланыстар- фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі мақсатты көздейді. Әлеуметтік байланыстардың мәні адамдардың әлеуметтік әрекеттерінің мазмұнынан, сипатынан, яғни әлеуметтік факторлардан көрінеді.
Әлеуметтік байланыстар 5 түрлі сипатта болуы мүмкін: біріншіден, әрқайсысы өзіндік қасиеттермен ерекшеленетін адамдардың өзара ықпалдастығы; екіншіден, әлеуметтік қарым-қатынастардың қалыптасуын, әлеуметтік топтардың құрылуын туғызатын әлеуметтік ықпалдастық; үшіншіден, негізінен қала, ауыл, ұжым т.б., арасында болатын топтық ықпалдастық; төртіншіден, қоғамдағы әлеуметтік орнына орай жасайтын әс-әрекеттері, атқаратын ролі әлеуметтік жүйеде көрініс табатын әлеуметтік иерархия; бесіншіден, әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктері қызметінің сипаты мен мазмұнын айқындайтын нормалар мен құндылықтардың жиынтығы түрінде болады.
Әлеуметтік өзара әрекет-бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар–адамдар және топтар арасындағы болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбыларымен,-достық, жолдастық қатынаста; өндірісте-еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.
2. Қоғамның типологиясы. Қоғамды және қоғамдық құрылымды функционализм тұрғысынан қарастыруды ең алғаш болып ХIХ ғасырда Герберт Спенсер бастады. Спенсер функционализмнің негізін салды. Ол қоғамды тірі организмен салыстырды. Біздің организімімізде әр-бір орган өмір үшін өзіндік ерекше қызмет атқарады. Бірақ бұлд органдар бір-бірімен байланысты болғандықтан, олар өзара тәуелді жүйені құрайды. Егер олардың біреуі қызмет істеуден қалса, онда бүкіл организм істен шығады. Функционалистер қоғамды бірқатар өрістерден тұратын организм ретінде қарастырады. Мысалы, әскери, экономикалық, медициналық, діни, т.б. Қоғамның осындай әр-бір өрісі өз қызметін атқарады, ал олардың қызметтерінің айырмашылығы неғұрлым көп болғансайын олардың тіршілік етуі қиындай түседі. Герберт Спенсердің теориясын Э.Дюркгейм жалғастырып жетілдірді. Ол қоғамдағыл нормадан ауытқулар мәселелеріне баса көңіл қойды. Оның пікірінше мұндай ауытқулар позитивті роль атқарады, себебі олар негативті қылмысты әрекеттерге тиым салынатын жаңа заңдар мен тәртіптерді жасауға мәжбүрлеп отырады.
Функционализмді қолдаушылар қоғамды әскери, экономикалық, медициналық, діни т.б. сфералардан тұратын организм ретінде қарастырады.Қазіргі замандық функционалистер Герберт Спенсердің, Э.Дюркгеймнің жолын жалғастыруда. Олардың негізгі баптары қоғамның өрістерін анықтау, олардың жағымды жағымсыз қызметтерін айқындау. Сондықтан келесі бес пункт қазіргі замандық функционализмнің теориялық шеңберін құрайды: 1.Қоғам- бір тұтастыққа біріктірілген бөлшектер жүйесі. 2.Қоғамдық жүйелер тұрақтылықты сақтайды, себебі олардың ішінде құқық қорғау органдары мен сот жүйесі сияқты ішкі бақылау механизімі болады. 3.Дисфункция болады, бірақ олар өздігінен реттеледі немесе қоғамға тамыр жаяды. 4.Өзгерістер революциялық емес, олар біртіндеген сипатта болады. 5. Әлеуметтік ынтымақтасу немесе сезіну, басым көпшілік азаматтардың бір құндылықтар жүйесін ұстануға келісу негәзәнде қалыптасады. Мысалы, тең мүмкіншіліктер принципі, қоғамдық жүйенің ең маңызды «фундаменті».
Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.
Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе, элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады. Координация - жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулер қажет.
Субординация - тұтас жүйедегі әлементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл-қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызды орын алатындығы баршамызға мәлім.
Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерменистік көзқараспен толықтырылады. Бұл теория марксизмде айқын көрініс тапқан. Маркстік ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке- дара емес, керісінше, басқаларымен өзара тығыз байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық жүйеге басты орын береді. Өйткені экономикалық жүйенің негізінде материалдық игіліктер өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалар мен өзара тығыз байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет