Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі болады. Мұндай қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал төменгі сословиеге қолөнершілер, шаруалар көпестер жатқан. Бұл жүйеде бір сословиеден екінші сословиеге өтуге біршама мүмкіндік болады.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға Жаңа заманда енді. XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны басым болды. Тек кейіндер К.Маркс пен М.Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең көңіл қойылды. К.Маркс таптар туралы ілімді одан ары дамыта отырып, өзінің таптық күрес туралы теориясын жасап, стратификация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті. Ол бұл себептерге қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шыуын жатқызады. Сонымен қатар К.Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын көрсетті. Негізгі емес таптар өткен дәуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып кележатқан қоғамдық – экономикалық формацияның таптары. Сондай ақ ол негізгі емес таптардан басқа жіктердің болатынын көрсетті, ол таптың белгілерін толық сіңіре қоймаған аралық топтар. Мысалы алдыңғы қатарлы «ақсүйек» жұмысшылардың өзге жұмысшылардан артықшылығы бар, ал буржуазиядан айырмашылығы, олар меншік иесі емес. Мысалы ол интеллигенцияны да әлеуметтік топқа жатқызады, себебі олардың бір тапқа ұқсас белгілері аз, және олар шығу жағынан әртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сондықтан оның ілімін ұстанушылар интеллигенцияны: буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық, және пролетарлық деп жіктеуді ұсынды. К.Маркстің таптар туралы ілімін ары қарай дамытқан В.И.Ленин болды, ол жұмысшы табын жоғары бағалады. Сонымен маркістік ілімнің тапты құрайтын басты белгілері келесідей: 1. Адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орны; 2.олардың өндіріс құралдарына қатынастар; 3.еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар; 4.қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісі; 5.қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанау.
М.Вебер де әлеуметтік стратификаци теориясына өз үлесін қосты. Оның теориясында К.Маркстің теориясына ұқсас және өзгеше жақтары да бар. М.Вебер Маркстің қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген оймен келіседі. Бұл пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М.Вебер, таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына ғана байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберлігіктеріне байланысты дейді. Екіншіден, адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізді. М.Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің қоғамда алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторге байланысты да, ал адамның статусы – білім мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді. М.Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі тапты атап көрсетеді. Олар: 1) капитал иелерінің табы, 2) интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап, 3) дәстүрлі үсақ буржуазия табы, 4) жұмысшы табы.
Сонымен М.Вебердің ұсынған әлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға бөлудің біршама кең өлшемдері берілген.
Қоғамның біртекті еместігі, оның әртүрлі әлеуметтік топтарға объективті бөлінуі Питирим Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік жылжу туралы теориясында өз көрінісін тапты. Осы теорияға сәйкес барлық қоғам әр түрлі топтар-страттарға бөлінеді, олардың өзара кіріс деңгейі, қызмет түрлері, саяси көзқарастары, мәдени бағдарлары бойынша айырмашылығы болады. Ол бірнеше негізгі белгілерді ажыратты: экономикалық (кедей-бай); кәсіби (беделді-беделсіз); саяси (іс-қимылының билік жасайтын-бағынышты). Осы белгілер өзара тік әрекет жасайды. Сорокиннің пікірінше, стратификация негізінде басқарушы және басқарылатындар таптарына бөлінуді туғызатын түрлі функциялар жатыр; қоршаған орта-қолайлы немесе қолайсыз; адамдардың ішкі қаблеттілігі мен сапасы бірдей емес. Ғалым әлеуметтік стратификация қоғамның табиғи және қалыпты жағдайы деп санады. Ол объективті түрде еңбектің қоғамдық бөлінісімен, мүліктік теңсіздікпен, түрлі саяси бағдарламалармен негізделген.
Адам кәсібін немесе қызмет түрін, өзінің экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарасын өзгерте отырып, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік жылжу деген атқа ие болды. Сорокин әлеуметтік жылжудың көлденең және тік болып бөлінетіні туралы айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |