Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныс мөлшерінің өзгерісі. Сұраныстағы өзгерістер. Сұраныстың бағалы емес факторлары және оларды талдау. Сұраныс функциясы.
Классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін-өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.
Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б. кіреді.
Баға қалыптастырудың негізінде нарықта сәйкесінше ұсыныс пен сұранысты білдіретін сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынасында жатыр.
Сұраныс дегеніміз белгі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны. Нарықтық баға мен сұранысқа ие санының арасында белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен, керісінше баға төмен болған сайын сатып алушылар саны мен сатылып алынған тауарлар саны көп болады.
Ең алдымен тауарға деген сұраныс көлемі оның бағасымен анықталады. Әдетте адамдар арзандау тауарларды сатып алуға ұмтылады. Адам қаншалықты сапалы, қымбат тауар сатып алғанымен, бәрібір тауар бағасы мен оған деген сұраныс көлемі арасындағы кері тәуелділік сақталады.
Сұраныс заңы. Баға мен сұраныс көлемі арасындағы кері байланыс – сұраныс заңы деп аталады. Бұл байланысты график түрінде көрсетуге болады. Сұраныс қисығы –бұл берілген бір уақытта әр түрлі бағалар бойынша сатып алушылар сатып алуға дайын болатын тауардың көлемін көрсететін қисық.
Тауарға деген бағаның өзгеруіне қатысты сұраныс көлемінің өзгеруі оның сұраныс қисығы бойынша қозғалуын бейнелейді.
Жалпылама түрде сұраныс қызметінің формуласы: QD= f (P) (2.1) Мұндағы QD– сұраныс мөлшері, f – функциялық байланысты көрсететін белгі, Р-баға.
Сұраныс заңының негізіне табыс әсері мен алмастыру әсері жатады.
Табыс әсері баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.
Ауыстыру тиімділігі, тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.
Толық түрде сұранысқа бірнеше түрлі факторлар әсерін тигізеді: QD=f ( P, I, Z, W, Psub, Pcom, N, B) (1)
Мұндағы:
P- тауардың бағасы;
I – тұтынушылардың табысы;
Z – тұтынушылардың таңдаулары; W – инфляциялық күтулер;
Psub – толықтыратын (субститут) тауардың бағасы; Pcom – қосымша (комплементарлы) тауардың бағасы; N – сатып алушылардың жалпы саны;
D – басқа факторлар.
Бағадан басқа факторлар сұраныс қисығының өзін жылжытады: оң жаққа (өсу), сол жаққа (төмендеу). Бұл жағдайда сұраныс көлемі емес, сұраныстың өзі өзгереді (2.2 сурет). Сұраныс өскенде сұраныс қисығы (D) жоғары және оң жаққа қарай жылжиды (D1). Сұраныс түскенде сұраныс қисығы (D) төмен және сол жаққа қарай жылжиды
Сұраныс қисығының оңға және жоғарғыға жылжуы сұраныстың өсуін білдіреді. Ал керісінше, егер сұраныс қисығы солға және төменге жылжыса, бұл сұраныстың азаюының айғағы болып табылады.
Осылайша, сұраныс қисығын жылжытатын бағалы емес факторларға тұтынушылардың талғамы мен қалауы, өзге тауарлардың бағалары, сатып алушылар саны, халық табысы мен жинақталған мүліктің мөлшері, инфляциялық күтулер жатады.
Тұтынушылардың қалауы мен талғамы. Талғамдағы, модадағы өзгерістер тауарға немесе қызметке деген сұраныс көлемін айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасы мен жынысы, отбасылық және әлеуметтік жағдайы сатып алушының талғамы мен қалауын қалыптастырады.
Өзге тауарларға деген бағалар. Белгілі бір тауарға деген сұраныс әсер ету сипаты бойынша тауарлардың үш түріне деген бағаның өзгеруін ажыратады: а) ауыстырылатын тауарлар, мысалы «Pepsi» немесе «Coca-Cola» сусындары; ә) өзара толықтырылатын тауарлар, мысалы жанармай мен автокөлік; б) өзара қатысты тәуелді емес тауарлар, мұндай тауарлардың бағасының өзгеруі сұранысқа әсер етпейді.
Нарық ауқымы. Сатып алушылар неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жиынтық сұраныс көбейе түспек.
Халық табысы және жинақталған мүліктің мөлшері. Халық байи түскен сайын, сұраныс арта түспек, және қиысық та оңға және жоғарыға қарай жылжиды. Егер табыстар азайса, онда қисық қозғалысы кері бағытқа бет алады. Осымен қатар, табыс өскен сайын барлық тауарларға бірдей сұраныс өспейді, ең алдымен сапасы ең жоғары деген тауарларға сұраныс артады. Төмен сапалы тауарларға бұл жағдайда сұраныс өспейді.
Инфляциялық күтулер. Әдетте тауарға деген сұраныстың өсуі оның бағасының жақынарада және күрт өсу себебінен болады. Тұтынушылар қымбаттамай тұрғанда тауарды иемденуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |