1. Жаңартылған білім бағдарламасының маңызы.
2. Жаңартылған білім бағдарламасының мақсаты мен міндеттері.
3. Жаңартылған білім бағдарламасының ерекшелігі.
Жаңартылған білім бағдарламасының маңызы.
Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге белсене араласуын бірыңғай әлемдік білім беру кеңістігіне қосуына бағытталу білім беру ұжымдарына жаңа талаптарды жүктейді. Қазақстан Республикасында әлемдік қауымдастыққа қабылданған жалпыға бірдей білім беруді енгізудегі басты міндет – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару, бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындау қажет. Бұл жағдайда жалпы білім берудің мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларға бейім тұлғаны дамыту көзделіп отыр.
Білім беру кеңістігінде оқытудың мазмұнын өзгертуде оқушыны білім, білік дағдыларын, өсу динамикасын арнайы бағалау өлшемдерімен анықтау тиімді. Түрлі педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың нәтижесі сабақ үрдісінің өсуі мен оқушылар құзіреттілігінің (ақпараттық, мәселені шеше білу, қарым-қатынас) дамуына үлкен үлес тигізетіні анық. Білім сапасы баланың әртүрлі іс-әрекеттерінде білім қолдану мен көп қырлы талдауды меңгеру нәтижесінде көрінеді
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын, қалыптастырудағы оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынтасын, жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі күннің мәселесі.
Жоғарыда айтып өткендей қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.
Оқушының жан-жақты дамуына, қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технологиялар пайдалануды керек етеді. Осы мақсатта сын тұрғысынан ойлау технологиясының ролі өте зор екендігін оқу үрдісіндегі іс-тәжірибе көрсетіп отыр.
Жаңартылған білім бағдарламасының мақсаты мен міндеттері.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.
«Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады».
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану
2. Сын тұрғысынан ойлау
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
4. Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану
5. Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу
3. Жаңартылған білім бағдарламасының ерекшелігі.
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Достарыңызбен бөлісу: |