Сабақ тақырыбы: Тарауды қайталау. Физикалық диктант Мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі30,61 Kb.
түріСабақ
Күнделік сабақ жоспары

Мерзімі _____________ Сынып 8А, 8Ә

Сабақ тақырыбы: Тарауды қайталау. Физикалық диктант

Мақсаты:



а) білімділік: Тарауды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, білім –білік дағдыларын қалыптастыру. Есептер шығару арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын жетілдіру.

ә) дамытушылық: оқушылардың есептеу дағдыларын дамыту. Физикалық диктант арқылы ой-өрісін дамыту..

б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу.

Құралдар-жабдықтар: интерактивті тақта, проектор, электронды оқулық, есептер жинағы, үлестірме қағаздары.

Сабақтың түрі: қайталау, өздік жұмыс.

Пән аралық байланыс: математика, химия, информатика,



Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен тақырыпты пысықтауға арналған ВИКТОРИНАЛЫҚ сұрақтар:

  1. Жазғы ыстық күннен кейін кешке ойпат жерде тұман түскенін көреміз, бұл құбылысты қалай түсін діруге болады?

  2. Неге қыста демалғанда ауымызда будың шыққанын байқаймыз, ал жазда- ол байқалмайды?

  3. Не себептен ыстық күні суға түскенде, ол аудан гөрі салқын болып көрінеді, ал шыққанда керсінше болады?

  4. Неге температурасы бірдей судан гөрі бу қатты күйдіреді?




  1. Ас тез пісу үшін, қайнап жатқан ыдыстың астындағы отты күшейткен дұрыс па?




  1. Таза шыны ыдысқа су құйылған. Егер су құйылған ыдыс салмақсыздықта орналасса не болады?




  1. Суланып бір-біріне жабысқан екі терезе әйнектерін ажырату өте қиын. Неге?




  1. Неге тәжірибелі аспазшылар алюминий табамен емес, шойын табамен қуыруға тырысады?




  1. Суық лимонадтты не шампанды ашқанда түтік ауызынан тұман пайда болады. Неліктен?




  1. Тұщы суды тұщы суға құйғаннан көрі тұзды суға тұзды суға құйғанда көпіршіктер көп байқалады.Неге?




  1. Терең қар астындағы өсімдіктерге, кездейсоқ келген суық неге қауіпті емес?




  1. Неліктен мұзды су суланған қағазға орағанда оның еру уақыты азаяды?




  1. Неге темекінің түтіні ең басында түзу болады, бірнеше сантиметрден соң жойылып бұлт тәрізді көтеріледі?


ФИЗИКАЛЫҚ ДИКТАНТ
Молекулалық - кинетикалық теория негіздері. Жылу құбылыстары.
1. Макроскопиялық денелер дегеніміз - физикада саны қисапсыз көп молекулалардан тұратын ... денелерді айтамыз. (үлкен)

2. Жылу құбылыстары – денелердің температурасының өзгеруіне қарай олардың қызуына немесе ... байланысты құбылыстар. (суынуына).

3. Молекула – кинетиканың теорияның дамуына ұлы орыс ғалымы ... үлкен үлес қосты. (М.В.Ломоносов).

4. Броундық қозғалыс – бұл сұйықта немесе ... қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы. (газда).

5. Броундық қозғалыстың молекула – кинетикалық теориясын 1905 жылы ... жасаған болатын. (А.Эйнштейн).

6. Молекула – кинетикалық теорияда идеал газ деп - өзара әсерлері елеусіз аз болатын ... тұратын газдарды айтады. (молекуладан).

7. Кристалдық тор деп – қатты дене атомдарының немесе иондарының тепе – теңдік қалпының ... қосатын кеңістік тордың пайда болуын айтамыз. (центрлерін)

8. Сұйықтарда молекулалар ретсіз орналасқан және ауық-ауық бір тепе – теңдік қалыптан басқасына ... жасап тұрады. (секіру)

9. Жылу мөлшері дегеніміз-

10. Дененің меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз-

11. отынның жану жылуы мынадай формуламен анықталады:
Температура. Молекулалардың жылулық

қозғалысының энергиясы.


  1. Денелердің молекулалық құрлымын есепке алмай – ақ макроскопиялық денелердің күйін сипаттайтын шамаларды ... параметрлер деп атайды. (макроскопиялық)

2. Температураны өлшеу үшін ... деп аталған прибор жасалған. (термометр)

3. Белгіленген көлемдегі идеал газдың қысымы нөльге айналатын немесе қысым өзгермегенде идеал газдың көлемі нөльге ұмтылатын шектік температураны температураның ... нөлі деп аталады (абсолют).

4. Халықаралық бірліктер жүйесінде абсолют температура бірлігі ... деп аталады. (кельвин)

5. Австрияның атақты физигі, газдардың молекула – кинетикалық теориясының негізін салушылардың бірі Л. Больцманның құрметіне ... тұрақтысы деп аталады. (Больцман)



6. Температура – молекулалардың ... кинетикалық энергиясының өлшеуіші. (орташа)
Оқушыларды бағалау:
Үй жұмысы: өткен тақырыпты қайталау: 8-жаттығу, тараудың маңыздысын қайталау:
Каталог: 2009
2009 -> 19-наурызында 3-10 класс оқушылары арасында Халықаралық математикалық «Кенгуру-математика», 2009 жылғы 20-наурызда балалардың шет тілдеріне қызығушылығын арттыру бағытымен ағылшын, француз, неміс және испан тілдерінен «Кенгуру-лингвист»
2009 -> Сабақ тақырыбы: Архимед заңы. Мақсаты: а білімділік: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының
2009 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік; Оқушылардың электр тоғы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру
2009 -> Хх ғасырдың 20-жылдарында бүтін бір қазақ ұрпағының рухани, әдеби шамшырағы Абай еді
2009 -> Мектептің аты-жөні: Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі Қаратөбе ауданы БҚО
2009 -> Педагогикалық институтының
2009 -> Бекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық №46 А. С. Пушкин атындағы
2009 -> Физикадан 8-сыныпқа арналған тест жұмыстары Жылу құбылыстары. Тест а-1 1


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу