Байланысты: 1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені
4.Еңбек өнімділігін өсіру факторлары және резервтері Кәсіпорындағы белгілі кезеңдегі еңбек өнімділігі көптеген себептердің ықпалымен өзгереді. Еңбек өнімділігінің өзгеру факторлары дегеніміз оның деңгейінің өзгеруін негіздейтін себептер.
Кәсіпорын деңгейінде еңбек өнімділігінің өсу факторларының бес тобын ажыратады:
Аймақтық-экономикалық (табиғи-климаттық жағдайлар, олардың өзгерісі;жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының теңгерілімі) және экономика-географиялық факторлар(кен орын ауданының игерілуі; жергілікті құрылыс материалдарының болуы;жұмыс күшінің, электр энергиясының,судың бос ресурстарының болуы;жер рельефі;коммуникацияға дейінгі қашықтық);
Құрылымдық жылжулар факторлары – бұл сатып алатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар үлесінің өзгеруіндегі жылжулар,өндіріс көлемінің өсуіне байланысты жұмыс жасайтындар санының салыстырмалы қысқаруы;
ҒТП-ны жеделдету факторлары – тиімділігі жоғары техниканың жаңа буынын енгізу; прогрессивті базалық технологияны қолдану, жобалауда автоматтандырылған жүйелерді пайдалану; қазіргі заманғы ЭЕМ-ді қолдану;
Ұйымдық факторлар – басқару мен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру,еңбекті ұйымдастыру мен ынталандырудың қазіргі заманғы формаларын енгізу;
әлеуметтік факторлар – зиянды және ауыр еңбек көлемдерін қысқарту; еңбек жағдайын жақсарту; әлеуметтік әріптестік факторлары.
Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің өсу резервтері дегеніміз еңбек ресурстарын үнемдеудің әлі пайдаланылмаған шынайы мүмкіндіктері. Ішкі өндірістік резервтер жабдықтар мен жұмыс күшін жетілдіруге және тиімді пайдалануға, сондай-ақ жұмыс уақытын жоғалтуды қысқартуға, ресурстарды үнемдеуге негізделген. «Факторлар» мен «резервтер» түсініктері арасындағы айырмашылық мынада: фактор – бұл қандай да бір құбылысты іске асыру мүмкіндігінің себебі, ал резерв – нақтылы жағдайда іске асырылмаған мүмкіндік.
Еңбек өнімділігін арттырудың ішкі өндірістік резервтері еңбек сиымдылығын төмендету, жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту, материалдық ресурстарды үнемдеу резервтеріне бөлінеді.
Пайдалану уақыты бойынша еңбек өнімділігін өсіру резервтері ағымдағы және перспективалық болып бөлінеді. Ағымдағы резервтер жақын кезеңде жүзеге асырылуы мүмкін және айтарлықтай бір мезгілдік шығындарды талап етпейді. Олардың қатарына жабдықтарды жақсы пайдалануды, ақауды жоюды немесе қысқартуды, еңбекке ақы төлеу дің рационалды және тиімді жүйелерін қолдануды жатқызуға болады. Еңбек өнімділігін өсірудің перспективалық резервтері өндірісті қайта құруды, жаңа технологияларды енгізуді талап етеді. Бұл үшін қосымша күрделі қаржылар және жұмыстарды жүзеге асыруға айтарлықтай уақыт қажет.