1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет27/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

2. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
Нарықты реттеу әдістері – бұл нарық механизмінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Нарықты реттеу әдістерін мемлекеттік және мемлекеттік емес әдістер түрінде қарастырады. Мемлекеттік реттеу құралдарына фискальдық саясат, несие, ақша, саясаты бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу, әкімшілік реттеулер жатады.
Еңбек ақыны реттеу мәселесін кәсіпорын және мемлекет деңгейінде қарастыруға болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыруда, реттеуде, өз бетінше жұмыс жасайды.
Бюджеттік сферадағы мемлекеттік меншіктегі кәсіпорын субъектілерге байланысты еңбек ақыны реттеу осы бағыттағы заңдылықтар мен нормативтік актілерге негізделеді.
Кәсіпорын шеңберінде еңбек ақыны мемлекеттік реттеу, минимальды деңгейдегі еңбек ақыны бекіту, шамадан тыс, түнгі жұмыс уақыты, мейрам және демалыс күндеріндегі жұмысқа байланысты төленетін төлемдердің минималды деңгейін бекітумен сипатталады.
Сонымен қатар уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты жәрдем ақы төлеу, кезекті ақылы және қосымша ақылы еңбек демалыстарына байланысты төлемдерді төлеу тәртібін бекітумен анықталады.
Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы басты саясаттардың бірі орта мерзімді перспективада халықтың табысын одан әрі арттыру болып отыр.
3. Тарифтік жүйе, еңбек ақыны ұйымдастырудағы маңызы және мазмұны
Негізгі жалақының қалыптасу тәсілі бойынша еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифтік емес жүйелерін бөледі. Еңбек ақының тарифтік жүйесі әрқилы тарифтік ставкалар мен бірыңғай тарифтік тор базасында құрылады.
Кәсіпорындағы еңбек ақының тарифтік жүйесін ұйымдастыру келесі негізгі элементтерден тұрады:

  • еңбек ақы қорын қалыптастыру;

  • еңбекті нормалау;

  • тарифтік жүйені орнату;

  • жалақының неғұрлым ұтымды формалары мен жүйелерін таңдау.

Еңбек ақы қоры жалақыны және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді төлеуге арналған қаражаттар көзін көрсетеді. Еңбекті нормалау еңбек сапасын және кәсіпорын қызметінің жалпы нәтижесіндегі жұмыскердің жеке үлесін ескеруге мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе еңбек сапасын ескере отырып, нақтылы еңбек түрлерін өлшеуге мүмкіндік береді. Ол келесі негізгі элементтерден тұрады:

  • тарифтік тор, ол жұмыс разряды мен кәсіпорынның салалық тиесілілігін есепке ала отырып, еңбек ақының дифференциациясын орнатады;

  • тарифтік ставкалар, олар уақыт бірлігіндегі қарапайым еңбектің абсолютті мөлшерін анықтайды;

  • тарифтік-біліктілік анықтамалар, әрқилы жұмыс түрлерін олардың күрделілігіне байланысты топтарға бөледі;

  • жалақыға қосылатын аудандық коэффициенттер, әрқилы табиғи-климаттық жағдайларда өмір құнының айырмашылығын компенсациялайды;

  • тарифтік ставкаларға қосымшалар және кәсіпті біріктіргені, қызмет көрсету аймағын кеңейткені, артық жұмыстар, мейрам және демалыс күндердегі жұмыстар, зияндылық, екінші , үшінші ауысымдағы жұмыстар үшін үстемелер;

  • минимальды еңбек ақы, ол жалданып жұмыс жасайтын тұлғаларға қажетті әлеуметтік қорғауды ұсынады.

Тарифтік жүйе еңбек ақы мөлшерін оның біліктілікті талап ету, күрделілігі, интенсивтілігі, жағдайы, сипатына байланысты дифференцияциялауды қамтамасыз ететін нормалар жиынтығын көрсетеді.
Жұмысты тарификациялау – жұмыс түрін оның күрделілігіне байланысты біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядтарға жатқызу.
Тарифтік разряд – жұмысшы квалификациясын және еңбек күрделілігін көрсететін өлшем. Ол әр жұмысқа, әр өндірістік операцияға беріледі.
Біліктілік (квалификациялық) разряды – жұмысшының профессионалдық дайындық деңгейін көрсететін өлшем.
Жұмысты тарификациялау және жұмысшыларға тарифтік разрядтарды (төлем разряды) беру тарифтік – квалификациялық анықтамалар негізінде жүргізіледі.
Тарифтік – квалификациялық анықтамалар өнеркәсіптің әр саласы бойынша құрастырылған және жұмысшы біліктілігіне қойылатын талаптар көрсетілген негізгі жұмыс түрлерінің нақты сипатын мазмұндайды.
Анықтамалар және оларды қолдану тәртібі ҚР Үкіметімен бекітіледі.
Тарифтік ставка (оклад) уақыт бірлігінде (сағат, күн, ай) анықталған күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін жұмысшыға төленетін шектелген еңбек ақы мөлшері .
Жұмысшының біліктілік деңгейі және орындалатын жұмыс күрделілігі жоғарылаған сайын тарифтік ставка мөлшері өседі.
Бірінші разрядтың тарифтік ставкасы абсолютті мөлшерде орталықтандырылған тәртіппен бекітіледі. Кесімді бағаны есептеу үшін тарифтік ставка өнімділік нормасын есепке алу арқылы пайдаланылады. Кесімді еңбек ақы төлеу формасында бірінші разрядтың тарифтік ставкасы еңбек ақының минималді деңгейі болып табылады.
Жай жұмыстарды орындауда еңбек ақы бірінші разрядпен төленеді.
Тарифтік тор разрядтар мен оларға берілген тарифтік коэффициенттер қатынасының шкаласы.
Тарифтік тордағы разрядтар саны мен тарифтік коэффициенттер арасындағы айырмашылық әр түрлі салаларда орын алған нақты ерекшеліктермен және еңбек бөлінісі деңгейімен анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет