10 сынып (жаратылыстану математикалық бағыт)



бет1/2
Дата16.01.2020
өлшемі0,67 Mb.
#56024
  1   2
Байланысты:
2тоқБЖБ 10 сынып - самал

«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
10 сынып

(жаратылыстану - математикалық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Физика» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс негізгі орта білім беру мектебі мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
 

Мазмұны

I-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Динамика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Статика» , «Сақталу заңдары» және «Сұйықтар мен газдардың механикасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



II- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Молекулалық-кинетикалық теория негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Газ заңдары» және «Термодинамика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



III- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Электростатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Әртүрлі ортадағы электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



IV- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Магнит өрісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бақылау

ІІ-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары 10.3.1.1 -Температура мен молекулалардың

ілгерілемелі қозғалысының орташа

кинетикалық энергиясының байланысын

сипаттау


10.3.1.2 -Идеал газ моделін сипаттау

10.3.1.3 -МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер

шығаруда қолдану

10.3.2.1 -Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер

шығаруда қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы:


  • МКТ негізгі теңдеуін түрлендіреді.

  • Идеал газға анықтама береді.

  • Молекуларардың орташа квадраттық

жылдамдығы мен зат мөлшерін анықтайды.

  • МКТ теңдеуін қолданады .

  • Идеал газ күйінің теңдеуін есептейді .



Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейлері

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырмалар

Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа

Күні: Сыныбы: Аты-жөні: №


  1. Температурасы 370С, қысымы 0,6 МПа болатын молекулалардың орташа кинетикалық энергиясын және молекулалардың концентрациясын анықтаңыздар.

(і) Молекула-кинетикалық теорияның теңдеуінен, молекулалардың

концентрациясын анықтаңыз. [1]

(іі) Осы концентрацияның мәнін қолданып Е орташа кинетикалық

энергияның мәнін табыңыз [1]



  1. (і) Идеал газға анықтама беріңіз

______________________________________________________________

______________________________________________________________ [1]

(іі) Үш түрлі газды бөлме температурасындағы мұзға салып тәжірибе жасаған ғалым кім және ол қандай қортынды жасады? (қандай газдар)

______________________________________________________________

______________________________________________________________ [1]

3. 200 кПа қысымда 6 м3 көлемдегі, массасы 5 кг көмір қышқыл газының

молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы мен зат мөлшерін табыңыздар.

(і) Молекула-кинетикалық теорияның теңдеуін түрлендіріп,

молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығын анықтаңыз. [2]

(іі) Зат мөлшерін есептеңіз. [1]



  1. Қысымның өлшем бірлігіне қандай бірлік алынады?

А ) 1 кг массаның 1 м2 ауданға

В ) 1 Н күштің 1 дм2

С ) 1 кг массаның 1 см2

Д ) 1 Н күштің 1 см2

Е ) 1Н күштің 1 м2 [1]

5. Идеал газдың ішкі энергиясы қандай физикалық параметрлерге

тәуелді:

А) Массасына В) Температурасына С) Қысымына [1]

6. Сәйкестендіріңіз:


1

МКТ-ң негізгі теңдеуі

P= nkT

2

Молекула массасы

ν=m/M

3

Зат мөлшері

PV=m/M*RT

4

Молекулалар саны

m0=m/N

5

Менделеев-Клапейрон теңдеуі

N=m/m0

[1]

7. Температурасы 27 0С, сыйымдылығы 1 л ыдысқа толтырылған азоттың тығыздығы 2,2 кг/м3 болса, осы ыдыстағы азот молекуласының қысымын, зат мөлшерін және молекулалар санын анықтаңыз.( M ( N2)=28*10-3кг/моль, NА=6*1023 моль-1)

(і) Формуланы түрлендіріп,тығыздықтың формуласынан массаны анықтаңы

(іі) Молекулалар санын анықтаңыз.

(ііі) МКТ-ның теңдеуінен қысымды есептеңіз. [2]
Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа

Күні: Сыныбы: Аты-жөні: №


  1. Температурасы 470С, қысымы 0,5 МПа болатын молекулалардың орташа кинетикалық энергиясын және молекулалардың концентрациясын анықтаңыздар.

(і) Молекула-кинетикалық теорияның теңдеуінен, молекулалардың

концентрациясын анықтаңыз. [1]

(іі) Осы концентрацияның мәнін қолданып Е орташа кинетикалық

энергияның мәнін табыңыз [1]



  1. (і) Идеал газ күйінің теңдеуін қалай алуға болатындығын түсіңдіріңіз

______________________________________________________________

______________________________________________________________ [1]

(іі) Үш түрлі газды бөлме температурасындағы мұзға салып тәжірибе жасаған ғалым кім және ол қандай қортынды жасады? (қандай газдар)

______________________________________________________________

______________________________________________________________ [1]


  1. 400 кПа қысымда 8 м3 көлемдегі, массасы 7 кг көмір қышқыл газының

молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы мен зат мөлшерін табыңыздар.

(і) Молекула-кинетикалық теорияның теңдеуін түрлендіріп,

молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығын анықтаңыз. [2]

(іі) Зат мөлшерін есептеңіз. [1]





  1. Қысымның өлшем бірлігіне қандай бірлік алынады?

А ) 1 кг массаның 1 м2 ауданға

В ) 1 Н күштің 1 дм2

С ) 1 кг массаның 1 см2

Д ) 1 Н күштің 1 см2

Е ) 1Н күштің 1 м2 [1]


  1. Идеал газдың ішкі энергиясы қандай физикалық параметрлерге

тәуелді:

А) Массасына В) Температурасына С) Қысымына [1]

6. Сәйкестендіріңіз:


1

МКТ-ң негізгі теңдеуі

P= nkT

2

Молекула массасы

ν=m/M

3

Зат мөлшері

PV=m/M*RT

4

Молекулалар саны

m0=m/N

5

Менделеев-Клапейрон теңдеуі

N=m/m0

[1]

7. Температурасы 37 0С, сыйымдылығы 1 л ыдысқа толтырылған азоттың тығыздығы 2,4 кг/м3 болса, осы ыдыстағы азот молекуласының қысымын, зат мөлшерін және молекулалар санын анықтаңыз.( M ( N2)=28*10-3кг/моль, NА=6*1023 моль-1)

(і) Формуланы түрлендіріп,тығыздықтың формуласынан массаны анықтаңы

(іі) Молекулалар санын анықтаңыз.

(ііі) МКТ-ның теңдеуінен қысымды есептеңіз. [2]



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл


Білім алушы

А) МКТ-ы тұжырымдайды,

қолданады


2


МКТ-ны тұжырымдайдымолекулалар концентрациясы мен орташа кинетикалық энергияны есептейді.

2


В) Идеал газға анықтама береді

2


Идеал газға анықтама береді

1


С) Үш түрлі газбен жасалған тәжірибеге қысқаша түсінік береді, ғалымды анықтайды.

Үш түрлі газды атап,тәжірибе жасаған ғалымды анықтайды.

1

МКТ-ның негізгі теңдеуін қолданады.

3


МКТ –ң теңдеуінен газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын және зат мөлшерін есептейді..

3


МКТ-ның негізгі теңдеуінен қысымды табады..

4

Қысымның өлшем бірлігін табады

1

Идеал газдың ішкі энергиясын анықтайды

5

Идеал газдың ішкі энергиясын тәуелділігін табады.

1

Сәйкестендіреді

6

Формуланы дұрыс қояды

1

Идеал газды анықтайды.

7

Формуланы түрлендіріп массаны, молекулалар санын және газдың қысымын есептейді

2

Жалпы балл







12


«Газ заңдары» және «Термодинамика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

10.2.2.1 Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану

10.2.2.4 Тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу

10.2.2.5 Газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану

10.2.3.2 Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске

қолдану


10.2.3.3 Идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Газ күйінің теңдеуін қолданады

  • Шарль заңын есептер шығаруда қолданады

  • Газ заңдарын графиктік есептер шығаруда қолданады

  • Термодинамиканың бірінші заңын қолданады

  • Идеал жылу қозғалтқыштарының жұмыс циклін сипаттайды

Ойлау дағдыларының

деңгейлері Қолдану

Орындау уақыты 25 минут

Тапсырмалар

«Газ заңдары» және «Термодинамика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа

Күні: Сыныбы: Аты-жөні: №
1.Кысымы 200 кПа, ал температурасы 240 К болғанда көлемі 40л-ге тең. Газдағы зат мөлшері канша болады? [1]
2.17°С температурадағыкөлемі 8 л газдын 87°С температурада көлемі кандай шамаға тең болады? [1]

а) Изопроцесс түрін анықтаңыз [1]

б) Тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділік графигін салыңыз
[2]
3.1 моль бір атомды идеал газдың 1-күйден 3-күйге 1-2-3 жолымен ауысуы үшін қажетті жылу мөлшері . 1-күйінде газдың температурасы Т1 = 300 К.

А) 1-2 бөлікте газға берілген жылу мөлшері бойынша температурасын анықтаңыз [1]


Б) 2-3 бөлікте газға берілген жылу мөлшері бойынша температурасын анықтаңыз [2]
В) Газдың жұмысын анықтаңыз [1]
Г) Термодинамиканың бірінші заңын қолданып жылу мөлшерін анықтаңыз [1]

4. Массасы 1,69 т Тойото Камри автокөлігі 80 км/сағ жүрсе, сағатына орта есеппен 8л бензин жұмсайды.Тойото Камри автокөлігінің қозғалтқышының ПӘК-ін табыңыз (q=4.6*107 Дж/кг; ρ=780 кг/м3) [2]

«Газ заңдары» және «Термодинамика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа

Күні: Сыныбы: Аты-жөні: №
1.Кысымы 400 кПа, ал температурасы 220 К болғанда көлемі 40 л-ге тең. Газдағы зат мөлшері канша болады? [1]
2.27°С температурадағыкөлемі 8 л газдын 77°С температурада көлемі кандай шамаға тең болады? [1]

а) Изопроцесс түрін анықтаңыз [1]

б) тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділік графигін салыңыз
[2]
3.Төмендегі графикте көрсетілген 1-2-3 процестегі жүйе күйінің өзгерісі бойынша оттегінің жасаған жұмысы (А) және алынған жылу мөлшері (Q)-ға тең.

V1=3 м3 , p1=200 кПа, V2=5 м3 , p2=700 кПа

А) Оттегі молекуласының еркіндік дәрежесін (і) анықтаңыз [1]


Б) Оттегінің ішкі энергиясының өзгерісін  анықтаңыз [2]
В) Газдың жұмысын анықтаңыз [1]
Г)Термодинамиканың бірінші заңын қолданып жылу мөлшерін анықтаңыз [1]

4. Идеал екі атомды газдың 1 молі Карно циклін жасайды. Қыздырғыштың температурасы 400 К. Егер газды адиабаталық сығу кезінде 2,0 кДж жұмыс атқарылатын болса, циклдің ПӘК табыңдар. [2]

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Десркиптор

Балл

Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолданады

1

Менделеев-Клапейрон теңдеуін қолданып зат мөлшерін анықтайды

1

Газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолданады

2 А

Газдың көлемін есептейді

1

Изопроцесс түрін анықтайды

1

2 Б

Графикті тұрғызудағы физикалық шамаларды анықтайды

1

Тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділік графигін тұрғызады

1

Бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолданады

3 А

Оттегі молекуласының еркіндік дәрежесін анықтайды


1

3 Б

Екі атомды ішкі энергияның формуласын қолданады

1

3 Б

Оттегінің ішкі энергиясының өзгерісін  анықтайды


1

Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолданады



Газдың жұмысын анықтайды


1

3 Г

Термодинамиканың бірінші заңын қолданып жылу мөлшерін анықтайды


1

Жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті формуласын есептерді шығаруда қолданады

4

Қозғалтқыштың ПӘК-ін анықтайды

2

Жалпы балл

12



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет