Сабақ тақырыбы: Идеал газ. Идеал газдың мкт-ның негізгі теңдеуі Мақсаты



Дата18.06.2017
өлшемі0,56 Mb.
түріСабақ
Сабақтың технологиялық картасы

Мерзімі _____________ Сынып 10А

Сабақ тақырыбы: Идеал газ. Идеал газдың МКТ-ның негізгі теңдеуі

Мақсаты:



а) білімділік: Идеал газ. Идеал газдың МКТ-ның негізгі теңдеуі ұғу, дұрыстығына көз жеткізу;

ә) дамытушылық: оқушылардың идеал газ, Идеал газдың МКТ-ның негізгі теңдеуі туралы түсініктерін дамыту. Оны техникада тұрмыста қолдану маңызын білу.

б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу.

Құралдар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, оқулықтар, есептер жинағы, электронды оқулық 10 сынып.

Сабақтың түрі: ар алас, демонстрациялық.

Пән аралық байланыс: математика, химия, информатика,



Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Газ молекуласының жылдамдығы неге тең?

  2. штерн тәжірибесі нені көрсетеді?

  3. Максвеллдің таралуы деген не?

Жаңа сабақ:

Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама болғанда айтады. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.

Газ молекулалары барлық уақытта ретсiз жылулық қозғалыста болады, оның мөлшерлiк сипаттамасын молекуланың сызықты жылдамдығының орташа квадраты, дәлiрек айтқанда, кинетикалық энергиясының орта мәнi бередi. Жеке молекулалардың жылдамдықтары бiр-бiрiнен өзгеше болуы мүмкiн, бiрақ бұл жылдамдықтардың модулiнiң орташа мәнi белгiлi бiршама. Жеке молекулалардың жылдамдықтарын v1, v2, v3, . . . , vN арқылы белгiлеймiз. Сонда, жылдамдықтардың квадратының орташа мәнi келесi формуламен анықталады:



,

мұнда, N – газдағы молекулалардың жалпы саны. Екiншi жағынан . Қозғалыстың бейберекеттiгi әсерiнен молекулалардың барлық бағыттарда орынауыстыруы тең мүмкiндiкте. Сондықтан, жылдамдықтың проекциясының квадраттарының орташа мәндерi өзара тең:. Бұны ескере отырып, алатынымыз



(1.10)




1.5-сурет
Ендi идеал газдың ыдыс қабырғасына әсер ететiн күшiн табайық. Қоршаған ортаның қандайда бiр бетке әсерiнiң физикалық сипаттамасы – күш емес қысым болып есептеледi. Қысым деп бiрлiк ауданға нормаль бойымен әсер ететiн күштi айтады. Қысым p әрпiмен белгiленiп, анықтамасы бойынша мынаған тең: p=Fn/S, мұнда Sбет элементiнiң ауданы, ал Fn – бет элементiне перпендикуляр әсер ететiн күш шамасы (1.5 - сурет).

Идеал газ жағдайында Fn нормаль күштiң шамасы келесi өрнекпен анықталады:



(1.11)

мұнда, n – газ молекуласының концентрациясы (бiрлiк көлемдегi молекулалар саны: n=N/V), m0 - молекула массасы.


Жаңа сабақты қорытындылау.

Пысықтау сұрақтары.



Есеп шығару үлгілері:


Үй жұмысы: өткен тақырыпты қайталау: есептер жинағынан 463-464 есептер
Каталог: 2009
2009 -> 19-наурызында 3-10 класс оқушылары арасында Халықаралық математикалық «Кенгуру-математика», 2009 жылғы 20-наурызда балалардың шет тілдеріне қызығушылығын арттыру бағытымен ағылшын, француз, неміс және испан тілдерінен «Кенгуру-лингвист»
2009 -> Сабақ тақырыбы: Архимед заңы. Мақсаты: а білімділік: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының
2009 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік; Оқушылардың электр тоғы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру
2009 -> Хх ғасырдың 20-жылдарында бүтін бір қазақ ұрпағының рухани, әдеби шамшырағы Абай еді
2009 -> Мектептің аты-жөні: Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі Қаратөбе ауданы БҚО
2009 -> Педагогикалық институтының
2009 -> Бекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық №46 А. С. Пушкин атындағы
2009 -> Физикадан 8-сыныпқа арналған тест жұмыстары Жылу құбылыстары. Тест а-1 1


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет