Сабақтың технологиялық картасы
Мерзімі _____________ Сынып 10А
Сабақ тақырыбы: Менделеев-Клапейрон теңдеуі.
Мақсаты:
а) білімділік: МКТ-ның негізгі теңдеуі Менделеев-Клайперон теңдеуін қорытып шығару жіне оны есептер шығаруцда қолдана білу, дұрыстығына көз жеткізу;
ә) дамытушылық: оқушылардың идеал газ, Идеал газдың МКТ-ның негізгі теңдеуі туралы түсініктерін дамыту. Оны техникада тұрмыста қолдану маңызын білу.
б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу.
Құралдар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, оқулықтар, есептер жинағы, интерактивті физика бағдарламасы, электронды оқулық 10 сынып.
Сабақтың түрі: аралас, демонстрациялық.
Пән аралық байланыс: математика, химия, информатика,
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Идаел газ деген не?
Идаел газ күйінің негізгі теңдеу қалай жазылады?
Жаңа сабақ:
Температура үшiн pV/N = kT түрiндегi формуланы практикада пайдалану пропорционалдық коэффициенттiң k сандық мәнiн бiлудi қажет етедi. Оны табуға болады, егер тәжiрибелерден белгiлi мәлiметтердi пайдаланса. Атап айтқанда, үш ыдыспен жасалған тәжiрибеден: V = 0.1м3 көлемдi алатын сутегiнiң бiр молi үшiн, θ= pV/N шамасы температураның T1=273oК мәнiнде мынаған тең θ0 = 3.76·10-21 Дж, ал T2=373oК болғанда – θ100 = 5.14·10-21 Дж. Температураның осы мәндерiндегi айырмасын θ= kT өрнегiн пайдаланып жазсақ , шығатыны θ100 – θ0 = k(Т2 – Т1) немесе (5.14 –3.76)·10-21 Дж = k·100o К. Бұдан
k = 1.38·10-23Дж/К. (1.18)
Бұл коэффициент Больцман тұрақтысы деп аталады. Ол энергетикалық (Дж) өлшем бiрлiкпен анықталатын θ температураны, өлшем бiрлiгi Кельвинмен анықталатын, Т температурамен байланыстырады.
Молекулалық кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуi p қысым, V көлем және T температура арасында байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi. Бұндай байланысты жазатын өрнек күй теңдеуi деп аталады. Егер газ молекуласы концентрациясының өрнегiн n=N/V=mNA/VM түрiнде алса, онда p=nkT теңдiгiнен мынау шығады:
pV = mkNAT/M. (1.19)
Больцман тұрақтысының k Авогадро санына NA көбейтiндiсiн универсал газ тұрақтысы деп атап, R әрпiмен белгiлейдi:
R = k NA = 8.31·103 Дж/(кмоль·К). (1.20)
Бұл енгiзiлген R тұрақтыны тағы да пайдаланып кез келген массасы m үшiн идеал газ күйiнiң теңдеуiн аламыз:
pV = mRT/M. (1.21)
Бұл Менделеев-Клапейронның күй теңдеуi деп аталады. Кейде бұл теңдеу алғашқы формасында қолданылады:
P1V1/T1 = p2V2/T2 = const, (1.22)
мұндағы 1 және 2 индекстерi газдың мүмкiн болатын кез келген екi күйiнiң параметрлерiне сәйкес.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Пысықтау сұрақтары.
Есеп шығару үлгілері:
Үй жұмысы: өткен тақырыпты қайталау: есептер жинағынан 463-464 есептер
Достарыңызбен бөлісу: |