Сабақ:№23 Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: жауапкершілік, батылдық, адалдық



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі41,56 Kb.
#84002
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Өөт №1 Жукенова Гүлмира


Бекітемін


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Май орта мектебі Мерзімі:20.02.2020ж.


Мұғалім: Жукенова Г.М.
Сынып: 4
Оқушылар саны: 6
Сабақтың тақырыбы: Мен Азаматпын
Сабақ:№23
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік, батылдық, адалдық

Мақсаты:оқушылардың азамат болу, нағыз азамат туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-«азамат болу», «азаматтық парыз» ұғымдары туралы түсінік беру;
-азамат болудың дағдыларын қалыптастыра отырып, адалдық қасиетін дамыту;
-жауапкершілікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)



Сабақтың барысы:
Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық
Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен).
Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...
Мен - Нұрмын »
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Ескерту:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет