11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019-2020 оқу жылы педагог ұйымдастырушының сараптамасы Мектепте ұйымдастыру жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген



бет17/25
Дата29.01.2022
өлшемі3,74 Mb.
#115771
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019

Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты:


Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттау, балаларға қыс мезгілінің қызықты екенің түсіндіру, қардан аққала соғып, қардан қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету мақсатында «Қысқы қиял» тақырыбында ақпан айында педагог–ұйымдастырушысы У.Жарылқасынова және ДТЖІО Г.Алиеваның ұйымдастыруымен дала ойындары өткізілді.

Салт-дәстүр мен халық педагогикасымен ұштастыра отырып, өз денсаулығын күтуге, жеке басының тазалығын ұстануға және де спортпен шұғылдануға дағдыландыру және бүгінгі кезеңнің өзекті мәселесі адам денсаулығына кері әсерін тигізетін ғасыр індеттерінің қауіпті әдеттері маскүнемдік, нашақорлықтың алдын - алу мақсатында «Салауатты әдет - әр баланың өмір ұстанымы!» атты айлықты ұйымдастыруға арналған мекеме басшысының 05.04.2017 ж. № 99 бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Айлық шеңберінде бекітілген жоспарға сай іс-шаралар ауқымы кең көлемде спорттық шаралармен сабақтастық тауып жатты. Атап айтқанда, 5 сәуір күні педагог–ұйымдастырушысы У.Жарылқасынова мектепішілік лездемеде мектеп оқушылары мен ұстаздарын «Салауатты әдет - әр баланың өмір ұстанымы!» атты айлықтың іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Лездеме барысында мектеп медбикесі Ж.Телеубаева «Салауаттылық - өмір негізі» тақырыбында баяндама оқыды. Әр күні спорттық іс-шаралар мен дәрістер, кездесулер өткізіліп тұрды. Мектеп ұжымы «Салауатты әдет - әр баланың өмір ұстанымы!» атты айлыққа жұмыла атсалысты. 7 сәуір күні «Салауатты әдет – әр баланың өмір ұстанымы!» атты Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Денсаулық күніне арналған салтантты жиын барысында мемлекеттік гимн орындалды. Оқушылар мен ұстаздардың «Би-қозғалыс-денсаулық» тақырыбында флешмобқа би биледі. Барлығы көтеріңкі көңіл- күймен алдын ала дайындалған мерекелік бағдарламаны тамашалады. Соңынан өткізілетін спорттық іс-шараларды бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырылып, оқушылар спорт алаңына спорттық ойындар мен іс-шараларға шығарып салынды. Күнделікті дене тәрбиесінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Шынығып, шымыр боламыз» атты таңертеңгілік жаттығу жасалынды. 18 сәуір күні «Дені саудың- жаны сау» атты көңілді старт «Арқан тартыс», «Веселые старты» ойындарын денешынықтыру пәнінің мұғалімдері мен ұйымдастырушысы–педагог У.Жарылқасынова және сынып жетекшілер бірлесе отырып өткізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Алиева мен педагог-ұйымдастырушы У.Жарылқасынова 19 сәуір күні «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» тақырыбында қыздар жиналысын 5-8 сыныптар арасында ұйымдастырды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Махан 20 сәуір күні 7-8 сыныптар арасында баскетбол ойындарынан сыныпаралық жарыстар ұйымдастырды. Жарыс қорытындысында 7 «А» сыныбының қыздар командасы І-ші орынды, ұлдар арасында 8 «А» сыныбының ұлдар командасы І – ші жүлделі орынды иеленгені үшін мадақтамамен мараппатталды. 21 сәуір күні мектеп медбикелері Ж.Телеубаева мен А.Костина 5-8 сынып оқушыларына «Зиянды әдеттердің қауіптілігі» атты мамандар кеңесін әр сыныпқа жеке-жеке берді





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет