12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы


Тізенің топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтардың). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы



бет10/37
Дата12.09.2022
өлшемі3,62 Mb.
#149296
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы
Идрисов Ә.А. КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯ, O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au, Patofiziologiya (1)
20. Тізенің топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтардың). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Шекарасы: жоғарыда тобықтың жоғарғы қырынан екі елі проксималды айналдыра жүргізілген сызық. Төменде үлкен жіліншік бұдырмағының (tuberositas tibiae) тұсында сирақты айналдыра жүргізілген көлденең сызық. Бұл аймақ екіге бөлінеді: тізенің алдыңғы және артқы аймақтары. Бұлардың арасындағы шекара
сан сүйегінің айдаршықтарының артқы қырлары арқылы жүргізілген вертикалды сызық.
Тізенің алдыңғы аймағы
Тобық және тізенің меншікті байламы (lig. patellare proprium) көрініп түрады. Сипағанда аймақтың төменгі болігінде үлкен жіліншіктің бұдырмағын, одан жоғары тізенің меншікті байламын,төрт басты бүлшықет сіңірін, тобықтың, оның қапталындағы қырларын және негізін сипап анықтауға болады. Сыртқы жағынан
кіші жіліншіктің басын және үлкен жіліншіктің бұдырмағы-Жерди төмпешігін (tuberculum Gerdi), мықын — үлкен жіліншік бағаны (tractus iliotibialis) бекіген жері және сан сүйегінің сыртқы
айдаршығын, ішкі жағынан үлкен жіліншік пен сан сүйегінің ішкі айдаршықтарын, оның үстіндегі tuberculum adductorium-ды сипап білуге болады.
Қабаттары. Терісі қалың қозғалмалы. Тері асты шелді май қабаты тобықтың қапталдарында жақсы жетілсе, алдыңғы жағында жоңқа жағын, онда тері астылық қантамырлар мен нервтер (п. cutaneus femoris lateralis, п. cutaneus femoris anterior, n. Saphenus бұтақтары) өтеді. Tepi асты қабатында кілегейлі қапшықтар бар (bursa sinovialis infrapatellaris), ол тері мен тізенің меншікті байламының (lig. patellare proprium) арасында жатыр. Bursa sinovialis prepatellaris subcutanea тобықтың алдында, ал «кавалеристердің» (атты әскер) кілегей қапшығы сан сүйегінің ішкі айдаршық маңында тері астында орналасқан. Беткей шандыр дамымаған. Меншікті шандыр fascia latae-нің жалғасы, тізенің алдыңғы аймағын түгелдей жауып, сүйек төмпешіктеріне бекиді. Тобық алдындағы шандыр астында болбыр ұлпа қабаты өтеді, онда шандыр астындағы тізенің алдыңғы қапшығы (bursa prepatellaris subfascialis) орналасқан.
Бүлшықеттері. Төрт басты бүлшықет (т. quadriceps femoris) ciңірі тізе тобығынан өтіп, оның қырларымен бітісе отырып, дисталды жағында lig. patellae түрінде созылады. Осы сіңірден екі жаққа сіңірлі талшықтардың шоғырлары өтеді. Оларды ұстағыштар (retinaculum) деп атайды.
1) тобық аймағы (lig. patellae) тобықтың ұшынан төмен түсіп үлкен жіліншіктің бұдырмағына бекиді. Тобықтың екі капталында төртбасты бүлшықет сіңірі шоғырланып, ұстағыштар (retinaculumpatellae laterale et mediale) құрайды. Олар тік және горизонталды талшықтардан тұрады. Тік талшықтар үлкен жіліншіктің айдаршығына, ал горизонталды талшықтар сан сүйегінің айдаршықтарының үстіне бекиді. Осы шоғырлар
адам жүрген кезде тобықты бір қалыпты үстап түрады.
2) тізенің ішкі жағынан етікші (т. sartorius), нәзік (т. gracilis), жартылай сіңірлі (т. semitendinosus), жартылай жарғақты бүлшықеттердің (т. semimembranosus) сіңірлері өтеді де,tuberositas tibiae түсында «қазтабанға» ұқсап бекиді. Буынның сыртқы жағынан т. bicipitis femoris сіңірі өтеді.
3) санның төртбасты бүлшықетінің сіңірі астында, тобықтан жоғарырақ жерде тізе буындық бүлшықеті (т. Articularis genu) жатыр. Ол т. quadriceps-тщ бөлігі. Бүлшықет жиырылғанда тізе буын қапшығын (bursa infrapatellaris profunda-ны) керіп тұрады. Буын қапшығы lig. patellae мен tuberositas tibiae-ның жоғарғы бөлігінің арасында жатыр. Буын қуысынан май түйіршіктері бөлініп түрады. Сіңір асты кілегейлі қапшығы (bursa synovialis subtendinea) тізе тобығының алдыңғы бетінде сүйек тысы мен төрт басты бүлшықет (т.
quadriceps) сіңірінің арасында жатыр. Тізе үсті кілегейлі қапшығы (bursa synovialis suprapatellaris) тізе тобығынан жоғары, т. quadriceps femoris-тің артында орналасқан. Ол буын қуысымен байланысты. Меншікті шандырдың астында тізенің артериялық торы (rete patellae) және тізенің буындық торы (rete articulare genu) орналасады.
Тізенің артқы аймағы. Тақым шұңқыры
Сыртқы нысаналар. Аяқты тізе буынында сәл бүккенде шұңқыр көрінеді. Ол жоғарғы-ішкі жағынан жартылай сіңірлі (m. semitendinosus) жэне жартылай жарғақты бұлшықет (m. semimembranosus) сіңірлерімен, сыртқы жағынан-екі басты бұлшықет сіңірімен шектелген. Төменгі бөлігінде балтыр бұлшықетінің ішкі және
сыртқы бастары (m. gastrocnemius) шектейді . Аяқты жазғанда тақым шұңқыры (fossa poplitea) дөңестенеді.
Қабаттары. Терісі аз қозғалады, тегіс, жұқа. Тері асты шелді май қабаты беткей шандырдың жапырағымен екі қабатқа бөлінеді. Ортаңғы сызық бойымен кіші тері асты венасы (v. saphena parva) өтеді, ол fossa poplitea-дап төменірек меншікті шандырды тесіп өтіп, тақым венасына ( v. poplitea) құяды. Сирек жағдайда үлкен
тері асты венасына (v. saphena magna) құяды.
Меншікті фасция. Тақым шандыры жалпаң фасцияның (fascia latae) жалғасы, төменде балтырдың апоневрозына өтеді. Мұнда беткей веналар мен лимфа тамырлары тереңдегі тамырлармен қосылатын тесіктер болады.Меншікті фасцияныц арасында, Пирогов өзегінде v. saphena parva өтеді. Өзек тақым бұлшықетінің екі басының ортасындағы сайда орналасқан. Тақым венасына құяр жерде ол шандырдың тереңдегі жапырағын тесіп өтеді.
Меншікті фасция астындағы бүлшықеттер сіңірлері, ромб тәрізді тақым шұңқырын құрайды:
— жоғары жэне латералды жағын санның екі басты бүлшықеті;
— жоғары жэне медиалды жағын m. semitendinosus және оның астында т. semimembranosus;
— төменгі жэне латералды жағынан т. gastrocnemius-тың сыртқы басы;
— төменгі жэне медиалды жағынан т. gastrocnemius-тың ішкі басы. Меншікті фасция талшықтары арасында, т. gastrocnemius-тің латералды басы аймағында, т. biceps femoris-тің сіңіріне жақын жерде —сирақтың медиалды терілік нерві ( п. cutaneus surae medialis) орналасқан.
Жалпы кіші жіліншік нерві ( п. peroneus communis) санның екі басты бұлшықет сіңірінің шетімен өтеді. Төмен қарай нерв, екі басты бұлшықет пен балтыр бұлшықеті сіңірінің арасында, тізе буынының қабына тиіп жатады. Нервтің өз қынабы бар. Осы арада нерв, кіші жіліншік басының артымен өтіп, жіліншік мойнын сыртынан алға қарай айналып өтеді. Ары қарай жоғарғы кіші жіліншік —бұлшықет өзегіне (canalis musculoperoneus superior) кіріп, екіге: беткейлі және тереңдегі тармаққа бөлінеді.
Жалпы кіші жіліншік нерві тақым шұңқырында немесе жоғарғы кіші жіліншік — бұлшықет өзегінде жарақаттанса «қоразданып жүру» симптомы шығады. Науқас аяғын жоғары көтеріп, әуелі
аяқ басының ұшын, сосын сыртқы қырын, сосын барып табанын басады. Бұл кезде аяқ басын үстіне қарай бүгу, сыртқа қарай айналдыру, башпайларды жазу қозғалыстары мүмкін емес. Және де науқас өкшемен жүріп немесе тұра алмайды.
— нервтің екі басты бүлшықет сіңіріне тиіп жатқаны, тізе буыны контрактурасында тенотомия жасағанда, оның зақымдану қаупін туғызады. Сондықтан әуелі нервті ажыратып, оқшаулап қою керек.
— жалпы кіші жіліншік нервінің беткей жатқаны операция кезінде оны табуды оңайлатады.
— сол себепке байланысты нерв, кіші жіліншіктің басы сынғанда да оңай зақымданады. Және де сынықты гипспен таңғанда,нервтің орналасқан жеріне «терезе» —тесік тастайды.
— жалпы кіші жіліншік нервін зақымдамау үшін үлкен жіліншік бұдырын бұрғылағанда (спица өткізу үшін), тесуді сүйектің латералды бетінен бастаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет