1968 ж. мамыр дағдарысы. Бірақ экономиканы жаңарту мен қысқа мерзім ішінде осылай тез дамудың жағымсыз салдарлары да болды. Дәстүрлі құрылымдарды бұзу жұрттың барлығына бірдей ұнай қоймады, жаңа жағдайлар мен өзгерістерге бейімделе алмағандар да жеткілікті болды. Бизнес пен еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеулер жұртты жалықтырды, әлеуметтік саладағы артта қалушылық, инфляция түңілушілік туғызды. Енді мұның барлығы әлеуметті жарылыс дайындады. Тек оны тұтындыру ғана қажет болды.
Париж студенттерінің білім беруді реформалауды талап еткен бас көтеруі 1968 ж. саяси дағдарысына түрткі болды. Ереуілші студенттер университет ғимараттарына бекінді. Полиция студенттерді аюандықпен ұрып-соқты. 13 мамырда жүз мыңдаған париждықтар де Голль режиміне қарсылық ереуіліне шықты. Сұраунамалар астана халқының 4/5 студенттерге ниеттес екендігін көрсетті. Кейбір ультрарадикалдық “гошистік” басшылар полицияны күш қолдануға итермелеп, арандатушылық әрекеттер қолданып бақты, өздерінің кенет революция жасау ниеттерін іске асыру үшін тобырды қауіпті әрекеттерге итермеледі.
Бірақ елде революциялық жағдай жоқ болатын. Экономика өрлеу үстінде болды. Ұлт рухани қайта түлеу үстінде еді. Әскери бөлімдерге жасырын барып қайтқан де Голль олардың өзін қолдайтығына көз жеткізді. Парижге оралысымен де Голль Ұлттық жиналысты таратып жіберді де, 23 маусымға жаңа сайлау тағайындады, реформалар өткізуге және “жаңа қоғам” құруға уәде берді. Сайлауда голлистер партиясы жеңіске жетті, ол “Республиканы қорғау жөніндегі одақ” (ЮДР) деген жаңа ат алды. Барлық солшыл партиялар – коммунистер, радикалдар сайлауда үлкен сәтсіздікке ұшырады. Аса солшыл ұйымдар дауыстардың 5% жинай алмағандықтан, Ұлттық жиналыс та бірде бір орынға ие бола алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |