19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет138/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Сайлаудың қортындылары. Италияның конституциясы ресми түрде 1948 ж. 4 қаңтарынан бастап eндi. Тұңғыш республикалық парламент сайлауы сәуiрде өттi. Сайлауда дауыстардың 48% алған христиандық-демокра­тиялық партия (ХДП) жеңiске жеттi. Солшыл оппозициялық одақ құрамында қатысқан коммунистер мен соци­алистер 31 % дауысқа ие болды. Yкiмeттi христиандық­демократиялық партияның жетекшiсi де Гаспери кұрды.

Әлеуметтiк-экономикалық даму. Италия әдетте ша­руашылығы баяу қарқынмен дамитын жене өнеркәсiбiнiң негiзi нашар Еуропалық елдердiң қатарына жататын. Бiрақ 50-60 ж.ж оның экономикалық дамуының қарқ­ыны кенет күшейiп, "итальян кepeмeтi" деген термин туғызды.

"Итальян кереметін" адамдар жасады. Бiр итальян экономисiнен Италияның экономикалық жетiстiктерi ту­ралы сұрағанда, ол "рас Италияда пайдалы қазбалар жоқ, бiрақ бiз кәсiпкерлердi жасай аламыз", - деп жау­ап берген.

Елде бос және арзан жұмыс қолы жеткiлiктi едi. Еңбекке жарамды адамдардың 40 % ауыл шаруашылығында iстейтiн мешеу Oңтycтiк өнеркәсiптi Солтүстiктi жұмыс қолдарымен жабдықтап отырды.

Бiрақ басты мәселе мұнда емес eдi. Өнеркәсiптегi жұмысшылар саны болар-болмас қана өстi, Еңбек өнiмдiлiгiнiң өcyiнe жаңа технология мен озық техника­ның енгiзiлуi себеп болды. Италия өнеркәсiбi дамыған елдерден патенттер мен лицензияларды көптеп сатып алды. Осылардың негiзiнде экономика құрылымдық жағынан түбегейлi өзгерicке ұшырады. Оның өрлеуiне аяқ киiм, мата, дайын тамақ өнiмдepiн өндipeтiн, жаңа технологияны eндipгeн ұсақ және орташа фирмалар үлкен улес қосты.

Италияның экономикалық жүйесiнiң бiркелкi eмecтiгi ipi және ұсақ бизнестердiң ерекше бiрiгуiн көрсеткен басты аймақтық үлгiлерде көpiнic тапты.

Солтустiк-батыс Италияда (негiзiнен Милан, Генуя, Турин қалаларының айналысында) озат технологиялы жаппай өнім шығаратын ірі өнеркәсіп шығаратын /автомобиль, химия, компьютер, т.б. өнеркәсіптер/ топтасты.

Мұндағы ұсақ фирмалар ірі өнеркәсіпті толықтырып отырды. Солтүстік-Шығыс және Орталық Италияда /Тоскана, Эмилия-Романья, Венеция/ ұсақ жене орташа фир­малар кішірек калалардың танаптарына орналасып, дәстүрлi италиян өнiмдерiн (керамикалық жабындар, аяқ киiм) өндiредi.

Оңтүстiк Италия (Неапольден Сицилияға дейiн), ­– бұл артта қалған, аймақ, әдетте ол туралы: "Бұл Оңтүстiктің проблемасы" дейдi. Мешеулiк экономикалық да­муындағы сәйкессiздiктер және жұмыспен қамтамасыз етудiң шешiлмеген проблемаларымен толықтырыла түсті.

Италия аймақтарының дамуындағы сәйкессiздiктер (да­мыған, жаңарушы Солтүстiк пен тоқыраған Оңтүстiк) әлеуметтiк құрылыстың eкі жақтылығына әкелiп соқты: Солтүстiкте демократия, ол Оңтүстiкте клиентелизм мен мафия қоғамда елеулi қақтығыстар – сыбайлас жемқ­орлық, терроризм, қылмыс, мафияны саясатқа енгiзу сияқты жағымсыз құбылыстар туғызды.

Италияның маңызды ерекшелiгi - мемлекеттік сек­тордың, шешуші ролі атқаруында, ол қазiргi кезде аса қуатты өнеркәсiптiк-қаржы кешенiне айналды. Оның құрылымдары партиялық-бюрократтық аппаратпен тығыз араласып кетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет