Қарсыласу қозғалысы жене республиканың құрылуы. Елде ағылшын-американ оккупациялық әскерлерi болды, бiрақ италиялықтарға демократиялық режимдi қалпына келтiруге ешкiм бөгет жасамады. Бұл жұмысқа Қарсыласу қозғалысына қатысқан негiзгi саяси партиялар қатысты. 1946 ж. 2 маусымда мемлекеттiк құрылыстың түрі туралы референдум өтті. Референдум республиканың жақтаушыларына жеңiс әкелдi. Бiр мезгiлде Құрылтай жиналысына сайлау өткiзiлдi. Сайлау негiзгi саяси партиялардьң ықпалын бaғалауға мүмкiндiк бepдi: христиандық-демократиялық партия барлық дауыстьң 35%, социалистер - 20%, коммунистер - 19% алды. Осы басты саяси партиялардьң ынтымақтастығының негiзiнде Конституция жасалды.
Конституция. Мемлекет басшысы конституция бойынша парламенттiң қос палатасы (депутаттар палатасы мен сенат) сайлайтын Президент болды. Екі палата да барлық азаматтардың (әйелдер тұңғыш рет дауыс құқығын алды) өкілдіктерінің тепе-теңдік жүйесі бойынша сайланды. Конституцияға дәстүрлі буржуазиялық-демократиялық бостандықтардан басқа да, бұрын болып көрмеген (мысалы еңбек ету құқығы) ережелер де жазалды. Италияның халықаралық жағдайын бекiткен маңызды оқиғa 1947 ж. ақпанда бiтім шартына қол қою болды.