19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Төрттік одақтың жеңілуі. Революциялар. Уақытша



бет37/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Төрттік одақтың жеңілуі. Революциялар. Уақытша бітім. Германияның әскери басшылығының 1918 ж. көктемі мен жазында Марна өзенінде күшті шабуыл операциясын жасау арқылы тікелей Парижге шығу, сөйтіп соғыс барысында өзіне пайдалы езгерістер жасауды көздеген жанталасқан әрекеттері және Амьен түбегіндегі сәтсіз шабуыл елдің материалдық және адам резервтерін түпкілікті сарықты. Германия бұл шайқастарда 800 мыңнан астам солдаттарынан айырылды. Антанта күштері АҚШ соғысқа кіріскенен кейін Германия мен оның одақтастарының күштерінен әлдеқайда артық болды. АҚШ соғыс қимылдарының Еуропа театрына бірнеше жүз мың әскер жіберді, бұл күштер соғыстан шыққан Ресей күштерінің орынын жапты.

Германия және онымен одақтағы әріптестерінің жеңілетіндегі айдан айқын болды. Қыркүйекте Антанта әскерлерінің шабуылы басталды. Герман майданы бұзылды. Одақтастары да соғыстан шықты. Қыркүйекте Болгария, казанда Осман империясы уақытша бітімге қол қойды.

1918 ж. 5 қазанында Германия үкіметі американ президенті Вудро Вильсонға 1918 ж. қаңтарында бейбітшілік бағдарламасы ретінде Вильсон ұсынған "14 пункттің" негізінде уақытша келісімге қол қоюға өтініш білдірді.

Вильсонның бағдарламасы Кеңестік Ресейде кабылданған бітім туралы декретке және көптеген елдердегі соғысты тоқтату туралы талаптарға жауап ретінде жарияланған болатын. Ол большевиктердің импералистік соғысты азаматтық соғысқа айналдыру туралы үндеулеріне қарсы бағытталды. Бұл бағдарламада бітім туралы ашық келіссөздер жүргізу, суда жүзу мен сауда жүргізу еркіндігі, қару-жарақты қысқарту, Германияның барлық басып алған жерлерін азат етуі, қираған империяның қарамақтарында болып келген кейбір елдерге тәуелсіздік беру, бейбітшілікті сақтап тұратын халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасын құру көзделген болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет