1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


–1933 жж. Қазақстандағы ашаршылық: себептері мен зардаптары



бет19/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

14.1932–1933 жж. Қазақстандағы ашаршылық: себептері мен зардаптары

1932-33-ші жылдардағы ашаршылық – ел тарихындағы ең қасіретті оқиғалардың бірі болып саналады. Қазақ даласындағы ашар­шы­­лық туралы қазақ зиялылары Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұр­мақов, Ораз Исаев, Сұлтанбек Қожанов және т.б. Мәс­кеуге ресми хаттар дайындады. БК(б)П ОК-нiң Бас хатшысы И.В.Сталин мен Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И. Голо­ще­кинге жолданған Т.Рыс­құловтың «Сталинге хаттары», Ғ.Мүсiрепов, М.Ғатаулин, М.Дәулет­қалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев жазған «Бе­сеу­дiң хаты» және т.б. хаттарда қазақтың аштықтан қырылуы мен шетел асуының негізгі себеп­терiн, экономикалық және демогра­фия­лық шы­ғынды айғақтайтын нақты мәлiмет­тер берілдi. Ашаршылыққа душар болғандарға көмек беру ол бастан дұрыс ұйымдастырылмады. Оған республика басшыларының, әсіресе, Ф.И.Голощекиннің көзқарасы да әсер етті. Алматы, Шымкент, Семей, Әулиеата, Қызылорда, Ақтөбе және басқа да қалалардың көшелерінде аштан өліп жатқандар көп болды. Оларды жинап, көмуге арнайы жасақтар құрылды. Алыс ауылдардан елді пункттерге жете алмаған аналар балаларын суға лақтыруға, тастап кетуге мәжбүр болған.. Облыстық мұрағат қорындағы осы кезең барысына шолу жасасақ, 1932 жылы 28 ақпанда өткен Қызылорда аудандық атқару комитеті мәжілісінің күн тәртібінде көшіп - қоныстанушылар мен панасыз балаларды орналастыру мәселесі қаралып, панасыздықпен күрес бөлімінің жұмысы сынға алынған. Онда азық - түлікпен қамтамасыз етудің дұрыс жолға қойылмағандығы, есебі жүргізілмегендігі, желтоқсан айында берілетін азық - түлік қаңтар айының соңында үлестіріліп, талан - таражға түскендігі айтылып, кінәлілерді жауапқа тарту ұсынылған. Ақтөбе облысынан және Қарсақпай ауданынан келіп жатқан көшпенділер мен панасыз балалар саны күннен - күнге көбейген. Бұл көрсеткіш ақпан айында 835 болса, наурыз айының басында 928-ге жеткен. Осы айдың ортасында тағы да Қарсақпайдан - 630, Батпаққарадан - 510, Қостанайдан - 47, Торғайдан - 14, Ырғыздан - 2 адам, 1665 панасыз балалар келген. Олардың 1500-і балалар үйіне, 150- сәбилер үйіне орналастырылған, 10- оқуға, 5- кәсіпорындарға жұмысқа жіберілген, балалар үйіне және сәбилер үйіне жіберілгендер арасында 109 бала аштықтан өлген. Азық - түліктің жетіспеушілігіне байланысты үнемдеу мақсатында адам басына 1 айға 1 килодан дән бөлінген. Осыдан кейін жиналған панасыз балалар Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Түркістан балалар үйіне жіберілген [1.23]. 1933 жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында панасыз балалардың саны 1311 болса, оның 44- коопкомбинатқа жұмысқа жіберілген, 2- кәсіпорынға, 20 адам «овцевод» кеңшарына жіберілсе, 105 бала сәбилер үйіне орналастырылған. 315 бала қайтыс болған. Ескертпеде берілген мәліметте балалардың көпшілігінің өліміне аштық себеп болғандығы көрсетілген [2.2]. Ал енді бір деректе 1933 жылдың 10-20 наурызы аралығында 1759 панасыз баланың 1660- балалар үйіне, ал қалған 99- сәбилер үйіне орналастырылған. 59 бала балар үйінде, 38 бала сәбилер үйінде барлығы 97 бала қайтыс болған. Ғ.Мұратбаев балалар үйіндегі мәлімет бойынша 1933 жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында 5 баланың қайтыс болғандығы айтылған, оның 1- туберкулез, 4- өкпесіне салқын тиген. Ал қазан революциясы балалар үйінің хабарлауынша осы жылдың қаңтары мен ақпаны аралығында 26 бала аштықтан өлген. Сәбилер үйінің дерегі бойынша 1933 жылдың 21 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында 45 бала, 15 ақпан - 20 ақпанда 50 бала, 20 ақпан - 11 адам, оның 5- қыз бала, 6 - ұл бала, 25 ақпаннан -20 бала, оның 9- қыз бала, 11 – ұл бала, 26 ақпанда 2 ұл, 7 қыз қайтыс болған [3.3,5]. Балаларды қабылдап бөлетін балалар үйінде 1933 жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында 46 бала аштан өлгендігі көрсетілген. Ал қаңтар - наурыз аралығында барлығы 61 баланың аштықтан өлгені туралы мәлімет бар [60.10]. Қызылорда қаласындағы барак ішіндегі балалар туралы 1933 жылдың 7 - 20 маусымы аралығындағы мәліметтер берілген. 7 маусымда болған балалар саны - 1532, келгені - 219, кеткені - 76, өлгені - 28, бары - 1581, ал 20 маусымда балалар саны- 1390, келгені 79, кеткені -71, өлгені - 14, бары 1386 болған[3.18]. Бұл мәліметтен 13 күн ішінде 42 баланың аштықтан өлгенін көруге болады.

Сталиндiк режим күштеп ұжымдастыру жылдарында орын алған, алапат аштықтан туындаған демографиялық апатты анықтауға мүдделi болған жоқ. Мұның өзi «ауыл шаруашылығын социалистiк жолмен қайта құру» деген атпен жүргiзiлген шын мәнiнде шаруаларға орасан зор қасiрет әкелген кiнәсiздердi жаппай жазалау саясатын әшкерелеу болар едi. Көршiлес қырғыз, өзбек, түркмен, тәжiк республикалары мұндай нәубетсiз, апатсыз, шығынсыз-ақ ұжымдастыру қайшылықтарын жеңе бiлгенде Қазақстанның мұндай трагедияға ұшырауы өкiнiштi. Сонау нәубет жылдары 2 млн-ға дейін азайып кеткен қазақ бүгіннің өзіне 9 млн-ға әзер жетіп отырмыз. Бұл демографиялық регресс жалғыз ғана 1932 жылғы аштықтың ғана емес, 1921 жылғы аштықтың да және көшпендi халықтың республикадағы асыра сiлтеуге шыдамай туған жерден кетуiнiң де салдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет