19.1986-жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері, нәтижелері.
Желтоқсан көтерілісі
|
Мәскеудің шешіміне наразылық білдіріп, 1986 жылы желтоқсанның ызғарлы күні Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары
|
орыс. Декабрьские события в Алма-Ате
|
Орны
|
Алматы, Қазақ КСР КСРО
|
Күні
|
17 — 18 желтоқсан 1986 жыл
|
Мақсаты
|
Мәскеудегі орталықтан саяси тәуелсіздікті талап ету.
|
Сипаттамасы
|
Бейбіт шеру, көтерілісшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнайы әскери күштер тобы арасындағы қақтығыс
|
Өлгендер
|
168-200 адам
|
Жараланғандар
|
200-ден аса адам
|
Нәтижесі
|
КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Көтерілісшілер сотталып, қатал жазаланды
|
Тұтқындалғандар
|
1000-нан аса адам
|
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Себептері
Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Жастардың наразылығы бейбіт әрі саяси сипатта басталды. Басқа ұлт өкілдеріне қарсылық пен мемлекеттік құрылысты өзгерту туралы үндеулер көтерілген жоқ. Конституцияға қайшы келетін саяси талаптар да қойылған жоқ болатын. Алайда партия басшылығы саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Сол себепті бірден Алматы гарнизоны әскери дайындыққа келтірілді. КСРО Ішкі істер министрі А. Власов Кеңес Одағының 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әсәскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылданды. Бұл билік тарапынан жасалған Конституцияға қайшы келетін заңсыз әрекет еді. Бейбіт шеруді тарату мақсатында билік арнайы «Боран» («Метель») операциясын жасады. Бұл операцияға Г. Колбин өзі жетекшілік етті. Кеңес әскері халыққа қарсы сойылдар, саперлік күректер, арнайы үйретілген иттер, су шашатын машиналар сияқты қару түрлерін қолданды.Осылайша Комунистік партия мен Кеңестік өкімет билігі адамзатқа қарсы жасалған қылмыстың басты ұйымдастырушысына айналды. Мыңдаған қазақ жігіттері мен қыздары Желтоқсан көтерілісінің құрбандары болды. Солардың бірі Алматы архитектура құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков еді. 1988 жылы КСРО жоғарғы соты оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. өкінішке орай, ол 1988 жылы мамырда белгісіз жағдайларда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда президенттің жарлығымен Қ. Рысқұлбековке Халық Хаһарманы атағы берілді
20.1989-жылғы «Қазақ КСР Тіл туралы» Заңының негізгі ережелері мен тарихи маңызы.
Ардақты ағайын! 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Қазақ КСР «Тіл туралы Заңына» бүгінде 30 жыл толып отыр. Қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналып қалған ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында қазақ тілінің Қазақ елінде қоғамдық өмірде қаншалықты қағажу көргендігі осында отырған замандастарымның есінде болар. Сондықтан қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берер «Тіл туралы Заң» қабылдануын халқымыз аса қажет еткен еді. 1986 жылы миллионнан аса тұрғыны бар Қазақстан астанасы Алматыда қазақша оқытатын бір ғана мектептің болуы-ақ ана тіліміздің ахуалы қаншалықты мүшкіл халде болғанының айқын көрсетсе керек.
1989 ж. 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңға халқымыз зор үміт артқан еді. Алайда әлгі Заңда «Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық тіл болады» деп жазылуы күдік туғызды. Қазақстандағы жүзден аса ұлттың өкілдері өзара және қазақпен «ұлтаралық орыс тілінде» сөйлессе, «мемлекеттік» қазақ тілінде кім сөйлемек?
…Әрине, тәуелсіздік жарияланғаннан бері қазақша мектептер саны өскенін тілге тиек етерміз. Алайда мектеп-изоляцияда оқыған қазақшасы көшеде жарамсыз болғандықтан қазақ тілі «мемлекеттік тіл» бола алмай келеді.
Сөйтіп 30 жыл бойына орыстілді азаматтарға 30 қазақ сөзін үйрете алмаған Қазақстан билігінің жұмысын Қазақ тіліне қарсы жасалған «саботаж» деп бағалауға дәлелдеріміз жеткілікті десек болады. Рас, Парламентте ара-кідік бір депутат тіл жайында «әу» деп қалады. Алайда одан қазақ тілінің жағдайының мысқалдай да оңалғаны байқалмады.
… Міне, осылайша қазақ тілін шын мәнінде мемлекеттік тіл жасауға билікте Заң болғанымен ниет жоқ болса, ал жарнамашыл пысықтардың нәтижесіз «шоуларынан» халық күдер үзген өлі кезең орнады.
…Ардақты ағайын! Міне, Қазақстанда қазақ тілінің жағдайы осындай, 30-40 жыл бұрынғы отаршылдық кезіміздегі әлжуаз халінен көп өзгере қойған жоқ. «Тіл – ұлттың паспорты» дейміз ғой. Ендеше әлемдегі «паспортсыз» халық, өзге біреудің «паспортымен» жүрген халық – қазақ екен. Отаршылдардың тіліне жабысып отырған билік Қазақстанда ғана бар. 30 жыл емес, шын мәнінде, ағылшын тілін үш айда да үйреніп жүр емес пе?! Мәселе Қазақстанның отаршылдар отырғызып қойған, әлі де солай жалтақтауын қоймаған билігінің қазақ халқының рухын көтермеу, қорлау үшін қазақ тілін мемлекеттік тіл етер ниетінің жоғында. Ниет болмаған соң Тілге арнап он заң шығарсаң да іс алға жылжымайды. Биліктің сыңайын байқаған қазақ та да отаршылдардың тіліне жабысып, ана тілін өгейсінуде. Не істеу керек? «Халуа, халуа» дегеннен аузың тәтті болмайды» демекші, құры «тіл, тіл» деп айқайлағаннан тілге бір мысқал пайда тимесін көрдік. Тек қана билікке хат жазғаннан пайда жоғына да көз жетті.
Қазақ тілінің ахуалын оңалту үшін сөз бен қатар іс те қажет. 2005-2006 жылдарда Жазушылар одағында болған екі жиында да Тіл мәселесін алдымен «мемлекеттік тілге көшті» деген облыстарды тексерер «Тіл шеруін» жасаудан бастауды ұсынғанмын. Сол ұсынысымды тағы айтамын; Екіншіден, Тіл мәселесіндегі я өзге де келеңсіздіктерді әр қалалардағы «Nur Otan» партиясының орталықтарына барып айту керек; Төртіншіден, еліміздегі жабылып тасталған «Тіл қоғамдары» қайтадан ашылуға тиіс, бірақ құрамы қоғамдық ұйымдардағы белсенді тіл жанашырларынан болуға тиіс.
Үкіметке Қазақстандағы мекеме, дүкен, т.б. атауларын қазақ сөздерімен атап, қазақша жазылуын іске асыратын Қаулы қабылдауына бір ай мерзім берейік. Болмаса халық болып өзіміз іске асыралық.
Достарыңызбен бөлісу: |