1.Қазақстан тарих толқынында


Көптілділік. Ағылшын тілін жетік меңгеру



бет39/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

41.Көптілділік. Ағылшын тілін жетік меңгеру.Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да құдіретті, қастерлі. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етедіҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы туралы идеяны алғаш рет 2006 жылы қазан айында Қазақстан халқының Ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария еткен болатын. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынса, бұл идеяның маңызы мынадай болды: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Осы маңызды мәселе туралы ойлары өз жалғасын «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – дейді. Тіл жүйесіне арналған стратегиясы бойынша, Елбасымыз негізгі үш тілді атап көрсетті. Бірінші, басты мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Маңыздылығымен екінші болып келетін тіл – орыс тілі, ұлтаралық қатынас тілі. Үшінші, халықаралық жаһандану тілі – ағылшын тілі. Ата-бабамыздан келіп жеткен «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген халық даналығы әлем елдерімен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасап отырған бүгінгі таңға дәл келіп тұрғандай. «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деп Ұлы Абай айтқандай, көп тілді қатар меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, ғылым құпияларын меңгеруге, өз қабілетін танытуға мүмкіндік береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет