1С: Бухгалтерия программасының негізгі түсініктері және оның атқаратын қызметі



бет2/19
Дата18.12.2021
өлшемі26,72 Kb.
#102555
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1С-қорытынды-сұрақтар
roza, 1С-қорытынды-сұрақтар, 9-сынып аза тілі п ні бойынша №2 бжб 4-то сан бойынша жиынты
Операциялар журналы

Енгізілген бухгалтерлік операциялардың тізімін қарау үшін 1С:Бухгалтерия программасында Операциялар журналы қолданылады. Онда әр бір операция күнінен, құжат түрінен, түсініктемесінен,сомасынан тұратын бір жолмен көрсетіледі. Операциялар журналында ағымдағы операцияларын қарап шығу мүмкіндігі бар. Операциялар журналын шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюінің «Журналдар (Журналы)» бөлімін таңдаңыз немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын басыңыз. Операциялар журналының сыртқы түрі программаның конфигурациясына байланысты шығады.

Операциялар журналы терезенің тақырып жолында журналдағы операциялар қандай аралықта көрінетінін білдіретін аралық көрсетілген. Журнал операциясы экранға кесте түрінде бейнеленіп, оның әр бағанасы операция туралы деректерді көрсетеді. Төменде операциялар журналы бағаналарының атауы мен оның мазмұны берілген. Бағана атауы программаның конфигурациясына байланысты.

• Күні-операция күні.

• Уақыты-операция уақыты.

• Құжат-осы осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.

• Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.

• Түсініктеме-операцияның түсініктемесі. Операцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.

• Сома-операция сомасы. Осы операцияның жалпы немесе негізгі сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады. Операция сомасы бухгалтерлік нәтижелерге әсер етпейді, олар операцияға қосымша түсініктеме ретінде көрсетіледі. Журналдарды қарау үшін курсорды, басқару пернелерін немесе қарап шығу сызықшаларын пайдаланыңыз. Журналдағы әрбір жол құжат туралы жазыды көрсетеді, олар күні, ал күнінің ішінде құжат енгізілген уақыты бойынша реттелген. Журналдағы жазудың басына және соңына тез өту үщін сәйкес Home және End пернелерін қолданыңыз. Журнал бойынша курсорды жылжыту үшін келесі мына пернелер қолданылады:

• Ctrl+\ -келесі күні бойынша құжатқа көшу

• Ctrl+/ алдыңғы күні бойынша құжатқа көшу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет