2- дәріс. Тақырыбы:«Тапсырма әзірлеу кезеңдері. Бағалау критерийлері. Ойлау дағдыларының деңгейлері. Дескрипторлар» (слайд 1)


Слайд 13 Білімді меңгеру процесі келесі санаттармен сипатталады: Фактологиялық білім



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата08.02.2022
өлшемі194,59 Kb.
#121754
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 2. Тапсырма әзірлеу кезеңдері.Бағалау критерийлері. Ойлау дағдыларының деңгейлері . Дескрипторлар
чак чак (1), Тапсырма 1[1], Тапсырма 1[1], Тапсырма 1[1], Тапсырма 1 (1), Тапсырма 1 (1), Тапсырма 1 (1), Дәріс 2. Тапсырма әзірлеу кезеңдері.Бағалау критерийлері. Ойлау дағдыларының деңгейлері . Дескрипторлар, Ашық сабақ5сынып, Инстаграмм жылдық есеп
Слайд 13
Білімді меңгеру процесі келесі санаттармен сипатталады:
Фактологиялық білім
- оқушыға таныс болуы немесе оқушы білуі тиіс негізгі 
терминдер мен фактілер. 
Концептуалдық білім
- базалық фактілердің арасындағы өзара байланыс, мысалы, 
санаттық жіктелімдер, модельдер, теориялар. 
Процедуралық білім
- тәжірибелік білім, дәлелдеулер мен тәжірибе жұмыстарын 
жасау, өлшеу. 
Метатанымдық білім
- өзін-өзі танудан бастап басқа адамдардың ойлау процесін 
түсіну және хабардар болу. 
Слайд 14 
Келесі слайдта үлгі берілген. 
Слайд 15 
Бағалау критерийлерін дұрыс құрастыру, яғни оқушының оқу әрекетінде не 
бағаланатынын нақты белгілеу үшін мұғалімнің білім категорияларын түсінуі және 
ажырата білуі ерекше маңызды. 
Тапсырма әзірлеудің 2-кезеңі
- оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарының 
негізінде бағалау критерийлерін құрастыру. 
Слайд 16 
Бағалау критерийлерін анықтау үшін келесі сұрақтардың төңірегінде ойланып 
көрейік: 

Практикада объективті бағалау бар ма? 

Бағалаудың шынайылығы неден көрінеді? 

Бағалау шынайы болуы үшін қандай талаптарды орындау керек? 

Бағалау критерийі деген не? 

Бағалау критерийлері қандай болуы керек? 
Слайд 17 
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын 
белгі.Бағалау критерийі оқу мақсаттарына жету қалай тексерілетінін көрсетеді, яғни, 
оқушы оқу мақсаттарына жеткенін көрсету үшін нені орындау қажеттігін сипаттайды. 
Сондықтан бағалау критерийлері өлшемді, оқушының оқу мақсаттарына жету деңгейін 
анықтайтындай болуы керек. Сонымен қатар бағалау критерийлері орындалатын, яғни оқу 
мақсаттарына сәйкес анықталған болуы тиіс және оқу мақсаттарының аясынан шықпауы 
керек. Олар мұғалім мен оқушы үшін нақты, анық және түсінікті болуы тиіс. 
Слайд 18 
Оқу процесіне қатысушылардың барлығы оқушы оқу мақсатына қандай нақты 
әрекет арқылы жеткенін көрсетуі қажет екендігін түсінуі тиіс, мысалы атау, анықтау, 
көрсету, шешу. 
Слайд 19 
Оқу мақсатына сәйкес қанша бағалау критерийі болуы тиіс? 
Бағалау критерийлерінің санын көбейтпеген жөн. Әдетте, оқу мақсатының маңызды 
тұстарын бағалау орынды болып табылады. Сондықтан бағалау критерийлерінің санын 
азайтыңыз, барлығын қамтуға тырыспаңыз. Оқу мақсаттарының деңгейі мен көлемін 
есепке алыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет