2. автономия/ autonomy


«Нұрлы Жол – болашаққа бағдар» жаңа экономикалық саясаты



бет39/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

51.«Нұрлы Жол – болашаққа бағдар» жаңа экономикалық саясаты.
Жолдауда жарияланған «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының басты тұғыры 5 жылға есептелген, 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған инфрақұрылымды даму жоспары болып табылады. Елбасының экономиканың осындай қиын кезеңінде қаражатты инфрақұрылымға (темір жол, авто жолдар, электр желілері, газ құбырлары,т.б.) салғаны міндетті түрде аталатындығына еш күмән жоқ. Себебі, бұл – экономикалық заңдылық. 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезінде Қытай дәл осындай жолды таңдаған болатын. Қателескен жоқ.
Елбасы Жолдауында әсіресе жол мәселесіне басқа көңіл бөлінген. «Жол – деді Елбасы,- шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен әуе жолымен, өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өміртамырға айналуы тиіс». Иә, кезінде Батыспен пен Шығысты жалғап, екі дүниенің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани байланыстарының күретамыры болған, бабаларымыз жүрген ұлы Жібек жолы бүгінде қайта жаңғырып, жаңа сипат, зор қарқынмен Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, оның баянды болашағына нүрлы жол ашпақ.
Жолдаудағы қалың көпішіліктің назарын аударған маңызды мәселе – тұрғын үй бағдарламасы болғаны анық. Елбасы 2015 жылдан жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайызды көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард теңге қаражат бөлінетіндігін жеткізді. Өзімізге белгілі, бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде үштен бірі ажырасып жатыр. Бұған әрине, көптеген мәселелер әсер ететіндігі түсінікті, дегенмен де кейбір мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80 пайызына жуығында жеке пәтер жоқтығын ескерсек. Елбасының жастарды қолжетімді баспанамен қамтамсыз ету мәселесін дөп басып айтқаның байқаймыз.
Жолдауда әлеуметтік инфрақұрылымдық дамытуға да үлкен көніл бөлінді. Әсіресе білім мен тәлім-тәрбие саласында, балалар бақшасын дамытуға 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге, ал мектептерді жөндеуге және жаңалауға 70 миллард теңге бөлінбек. Біздің тілегіміз – ел игілігі үшін ұлттық қордан жұмсалатың осынау қыруар қаржылар қолды болмай, өз мақсатына толық жұмсалса екен деп тілейміз.
Жолдаудың соңында Елбасы Қазақстан халқын осынау қиын кезенде жұдырақтай жұмылдырып топтасуға, бірлік пен ұлтаралық келісімде аянбай еңбек етуге шақырады. «Толысандықтаң жаһандық сынынан өту үшін-деді Елбасы, – біздің топтаса білуіміз керек. Біз барлық қазақстандықтар арасында сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! БұларҚазақстанның болшағына кілттер. Этносаралық келісім-ол өміршендік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады-біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді сақтауға тиіспіз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет