2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Буддизм философиясы


Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (Антиглобализм)



бет3/59
Дата17.01.2023
өлшемі482 Kb.
#165750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Шпор Философия 2012

55.Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (Антиглобализм).
56. Мәдениет және өркениет.
57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
58. Жеке адам - әлеум. индивид ретіндегі адам, қоғам мүшесі.
59. Философиядағы адам мәселесі
60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері


1. Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық).
Айнала қоршаған орта,бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны тіршіліктің мән мағынасы туралы көз қарастар, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негізгі білім.Оның негізі кең тараған түрі – ғылыми емес, қарапайым көзқарастар.Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, философиялық түрлері қалыптасқан.Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде дүниеге келеді.Оны біз мифология деп атаймыз. (mitos – грек сөзі, баян, аңыз). Миф-табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер ( phantasia - грек сөзі, қиял, елес).Әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos - грек сөзі, әлем, genesis- грек сөзі дүниеге келу, пайда болу) аңыздар.Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos- грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көресетілді.Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлінді. Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі.Үшінші ерекшелігі социоморфтық яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды.Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді.Олар тек илануды талап етті. Сенімнің өзі екі түрде қарастырылды: ғылыми және тәжірибелік. Ғылыми (сентизм) – дәлелдеу арқылы, яғни ақиқат немесе жалған екендігін қарастырады.Тәжірибелік – дәлелдеуді қажет етпейтін, сол күйінде қабылданады. Құдайдың бар жоқтығына байланысты: пантеизм-құдай мен табиғат бірлікте қарастырылады, деизм – құдай барын жаратады, бірақ адамның арғы іс-әрекетіне араласпайды, атеизм – дінді, құдайды жоққа шығарады. Дүние жүзінде таралған негізгі діндер: иудаизм, буддизм, христиан, ислам. Ал, Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған.Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр.logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология , гносеология , аксиология болып қалыптасты.Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет