2-курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беру



бет3/13
Дата05.03.2023
өлшемі273,14 Kb.
#171107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Психология. Практика. 219. Мустафаева Назерке
осмос
4.Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беру. 

«Әдіс»сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері –бақылау жәнеэксперимент.


Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. 

Эксперимент (ғылыми тәжірибе). Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Ал келесі Әдістеме-педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар. Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.

2-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:
30.01. – 04.02.2023ж.
1.Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеттері.
Психологиялық қызметтің басты мақсаты – даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет