2 ҚҰЛАҚтандыру


-11 октябрьде Баянауыл алабындағы 10 болыс елдің



Pdf көрінісі
бет16/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
7-11 октябрьде Баянауыл алабындағы 10 болыс елдің 
өкілдері сиезінің қаулыларынан 
1.  Ел  арасындағы  ауылный  школдар  жабылып,  орнына  3  жылдық  бастауыш  мектептер 
жасалсын.  Егер  ел  өзі  керек  қылса,  биылша  ауылный  школдар  қала  тұрсын.  Бірінші 
бөлімге бала алынбасын һәм 4-ші бөлім ашылмасын. Жарамсыз учительдер шығарылып, 
тәуірлер қойылсын. 
2. Биылша ең азы болыс басы бір мектеп ашылсын. Мектеп пен ауылный школ бір орында 
болмасын.  Мектеп  пен  медіресе  бір  орында  болса  болсын,  болмаса  ықтиярлы.  Баянауыл 
қаласында бастауыш мектеп пен ... мектеп ашылсын. Мектептердің қаражаты зекет, пітір, 
құрбан  терісі,  ғұсыр,  федияның  үштен  бірі  һәм  басқа  жәрдемдерден  бол  сын.  Бұл 
орындардан  жиналғанша,  Баяндағы  высшие  начальные  училищаға  арналған  28  мың  сом 
тез  жиналып,  мектептер  қаражатына  ұстала  тұрсын.  Айтылмыш  мектептер  қаражатын 
жинастырып  тұру  үшін  ауылнай  басы  3  кісілік  комиссия  сайлансын  (председатель, 
қазынашы, секретар), үш мүшелі тексеру комиссиясы сайлансын. Ауылный қазынашылар 
болысной  комиссия  есептеледі.  Болыс  сайын  үш  мүшелік  тексеру  комиссиялардың 
квитанциялы книгелері болсын. 
Барша мектептерді  басқарып,  мұғалімдерді  сынап қою, оқу программаларын  жасау үшін 
«Ғылым»  ұйымы  атынан  Баянауылда  оқу  комиссиясы  ашылсын.  Бұл  комиссияға 
сайланған ағзалар: 
1) Зәкір Ғұбайдоллаұлы, 2) Хажиболла Лекеров, 3) Ахметжан Күзембаев, 4) Ғабдалраһим 
Маһдом,  5)  Әбікей  Сәтпаев,  6)  Масғұд  Қыдырбаев,  7)  Ғұмархан  Күзембаев.  Бұлардан 
басқа  аймақтық  комитеттен  бір  ағза  комиссия  істеген  жұмыстарының  есебін 
Павлодардағы «Ғылым» ұйымына білдіріп тұрсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет