2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет18/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Жас Қазақ 
 
СІБІР АВТОНОМИЯСЫ 
Октябрьдің  ішінде  жалпы  Сібір  сиезі  болып,  не  сөйлесіп,  қандай  қаулы  жасағаны 
оқушыларға  белгілі.  Онда  Россия  мемлекеті  елінің,  шаруа  кәсібінің  ыңғайына  қарай  оз 
тізгіні  өзінде бірнеше штатқа (мемлекетке) бөлініп, ортақ іске одақтасқан болуын қалап, 
Сібір конституциясын (заңын) жасап,  учредительное собраниеге кіргізу үшін бір мекеме 
құрылған  еді.  Буған  қазақтан  кірген  Әлімхан  Ермеков  еді.  Бұл  мекеме  жаңа  іске  кірісе 
бастағанда  большевиктер  бүлік  салып,  мемлекет  күйін  кетіріп,  саяси  қалыпты  өзгертіп 
жіберді.  Тәлтіректеп,  талықсып  тұрған  мемлекет  қаусады.  Сенетін  хүкімет  қалмады; 
ұсталды,  жабылды.  Хәкімшілік  құрыды.  Ылғи  қара  күштің  арқасында  мемлекет  билігін 
сұрқиялар алған болды. Бұларды хүкімет деп көпшілік танымады. «Жұрт еркіне қол сұқпа, 
аулақ  жүр  тіліңді  алмаймыз»  деген  көптің  сөзін  сұрқия-сұмырайлар  елемеді.  Жетегіне 
ермеген жұрт сайлап қойған мекемелерді айдады, қуды. Бізге жайсыз іс болса, оңды деп, 
кісілерін  түрлі  әлеумет  мекемелеріне  жіберді.  Көнбеген  жерде  зорлықпен  іс  қылдырып, 
қорқытып ұстады, ұрды, соқты. Сөйтіп мемлекет ішін тегіс соғысқа айналдырды. Аштық, 
жалаңаштық,  шаруа  күйзелгендік,  зауыт-фабрика  тоқтағандық,  алтын-күміс  ақша  құрып, 
қағаз құны кеткендік, жоғарыда да, төменде  де әлеуетті  хәкім құрығандық  күннен күнге 
ұлғайып, Россия мемлекетін жоюға таянды. Шет жатқан бізге мемлекеттің қазығы болған 
орта  Россиядан  үміт  қылар,  дәметер,  медеу  көрер  түк  қалмады.  Хәкімшілік  жоғалды, 
киімдік  бұйым,  шаруалық  сайман,  алыс-берістік  ақша  қоры  сарқылды.  Керегін  алып, 
керегімізді  беретін  Россия  тозды.  Сондықтан  Россияның  шет-шеттері  өлмес  қамын  өзі 
ойлап,  мемлекеттің  тұтқасы  болған  орталық  Россиядан  күдер  үзді.  Орталық  орданың 
тозғандығы сондай күшті болды: шалығы келіп бізді жалмады. Қырып-жойып келе жатқан 
өртке  қару  қылмай,  қол  қусырып  қарап  отырсақ,  құтыларлық  шарасын  таппасақ,  Сібір 
халқы  көрінеу  құрбандық  болатын  көрінді.  Жайшылықпен  кеңеске  салып,  Сібір 
автономиясын  учредительное  собраниеден  өткізгенше  қаһарын  түйіп,  қаптаған  апат 
жұтатын  көрінеді.  «Қайтсек  қарсы  тұрамыз,  не  шара  қыламыз,  қайтсек  шаруамызды 


16 
 
қорғап, қаңғып кетпей тура аламыз, оз қамымызды өзіміз қалай ойлаймыз» деп Томдағы 
обласной  сибирский  комитет  халық  мұңын  шын  көздейтін  түрлі  ұйымдардан  өкілдер 
шақырып, жалпы Сібір сиезін құрды. Бұл сиезге қазақтан барушы өте аз болды. Себебі дәл 
сол  уақытта  Орынборда  жалпы  қазақ  сиезі  жасалды  да,  сиезге  барып,  көсемдік  қылар 
азаматтар  жоқ  болды.  Бірен-саран  қалғандар  бара  алмады.  Олардың  осындай  қағынып 
тұрған  заманда  ел  ортасынан  кеткені  келіссіздеу  болды.  Жәнеде  жалпы  қазақ  сиезі 
жасаған қаулы қазаққа закон болатындықтан онан басқа заң-законды танымайтындықтан 
Сібір  сиезіне  әдейі  арнап,  санаулы  кісі  жіберілмеді.  Бірақ  жалпы  қазақ  сиезінің 
айтқанымен  жүріп,  байлаған  сөзін  закон  болатыны  айтылды.  Сондықтан  жалпы  Сібір 
сиезі жалпы қазақ сиезімен тілдесіп, қазір Сібір автономиясын қолмен жасап алуға қазақ 
халқының мығым белін бекем буғанын біліпті. Қазақ халқы көнген соң, Сібір сиезі қаулы 
жасапты:  «Сібірдің  өз  тізгіні  өзінде  болып,  хүкіметін  жасасын.  Ол  хүкіметке  әр  тап,  әр 
рудан  кісі  кірсін.  Жалғыз-ақ  байлар  кірмесін.  Сібір  шаруасына  Россия  қолын  сұқпасын» 
деп һәм Уақытша Сібір Хүкіметін түзейді. 
Бұл  құрылған  Сібір  Хүкіметі  Временный  Сибирский  Совет  аталып,  7  кісі  сайланған. 
Председателі  82-дегі  қарт,  атақты  Николай  Григорьевич  Потанин,  ағзалары:  Дербен, 
Новосилов, Шатилов, Захаров, Потошниский һәм қазақтан Әлімхан Ермеков. Бұл Хүкімет 
хәкімшіліктің тарау-тарау тұтқасын (министрлігін) бөліп алған жоқ. Әзір заң жасап, жол 
салмайды. Сібірдің өз думасы шақырылып жиналғанша халықтың мұңын һәм керегін шын 
сөйлейтін Сібірдің учредительное собраниесін шақырады. 
Сөйтіп көктен тілегенді жерден беріп, Сібір өз алдына бөлініп, автономия алып, бұған 5 
облыс  қазақ  ортақтасып  отырмыз.  Үлкен  ауыл  Россиядан  бөлініп,  бір  шыққан  соң, 
өнеріміз, біліміміз өсіп, жетісе келе Сібірден бөлінерміз. Қазақ болып шығуға бұрын екі 
қырқа асу керек болса, енді атпай, шаппай, бірінен  — ең зорынан асып, екіншісіне келіп 
тұрмыз.  Бұл  қыр  қауіпті  емес,  оңай.  Оңай  болу  тетігі  өзімізде.  Жамандықтан  тиылып, 
жалқаулықтан безіп, алалықты жоғалтып, жұмыла жұрт жұмысына кіріссек, өнер-білімге 
ұмтылсақ, оқу оқысақ, осы жолға үлкен-кіші, оқыған-оқымағанымыз тегіс қызмет қылсақ, 
иншалла,  қазақ  автономиясын,  таза  қазақ  хүкіметін  ұрпағымыз  түгіл  өзіміз  де  көрерміз. 
Жасасын Сібір автономиясы! Жасасын бірлік, жасасын қазақ! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет