2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет55/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
«Қазақ» 
 
МҰҒАЛІМДІК КУРСТАР ТУРАЛЫ 
(басы 28-ші нөмерде) 
Меніңше екі жылда үйретілуі ең керек сабақтар мынау: 
1.  Ұлт  тілі:  әдебиет  тарихы,  әдебиет  бөлімдері.  Соңғы  екеуі  оз  тілімізде  жоқ  болса  да, 
басқалардан қазақ тіліне аударылып, мысалдары өз әдебиетімізден алынсын. 
2.  Жалпы  тарих  (адамды  тарих  білген  уақыттан  осы  заманға  дейін).  Бұл  турада  қазақ 
тіліне аударылуға лайық тарих профессор Виппердікі. 
3.  Жағырапия  (жердің  бес  бөлімі).  Бұл  турада  қазақ  тіліне  аударылуға  лайық  кітап 
Крубердікі. 
4.  Жаратылыс:  жер-су,  ауа,  өсімдік,  адам,  хайуанаттар  (қазақ  тіліне  аударылатын  кітап 
Трояновскийдікі). Соңғы үшеуінсіз дүниеге адам соқыр қарасынан құтыла бастамайды. 
5. Оқыту әдісі (дидактика, методика, педагогика). 
6. Есеп (түгел). 
7. Денсаулық-тәрбие (қысқа мағлұмат). 
8.  Мемлекет  құрлысы,  уақ  қарыз  қауымдары,  ұйым  дүкендерін,  игілік  қауымдарын  ашу 
жайынан  қысқа  мағлұмат.  Соңғы  екеуі  басқалардың  уақытын  алатын  болса,  міндетті 
болмасын. 
9. Орыс тілі (күніне бір сағат). 
Міні,  осы  айтылғандарды  түгелімен  оқытып  шығарса,  мұғалімдік  курстары  мұғалімдер 
шығарады, өз бетімен адам болуға жол ашып берді деп сонда ғана айтуға болады. 
Кейбіреулер,  әсіресе,  мұғалімдер  программаға  ең  керек  болып  мына  сабақтар  кірсе  екен 
дейді:  араб  тілі,  ислам  тарихы,  ұлт  тарихы,  дін,  өлшеу.  Мен  бұларды  ең  керек  деп 
ұқпағандықтан  жоғарғы  ең  керек  деп  көрсеткендердің  екі  жыл  ішінде  түгел  оқылып 
шығылуына зиян етпесе ғана кіру керек деймін. Кейбірінің тіпті керегі аз деймін: 


56 
 
1. Араб тілінің керегі аз дейтінім: баяғыдан бері қырда дін тілі деп 15 жыл оқып та араб 
тілін  білген  кісі  жоқ.  Тіл  үйрену  керек  болса,  бізге  бәрінен  бұрын  орыс  тілін  үйрену 
мақсат. 
2.  Ислам  тарихы  мен  ұлт  тарихы  жалпы  тарихтың  уақытын  алады.  Жалпы  тарихты 
оқымай  тұрып,  аналарды  оқығанмен  тарих  оқудағы  мақсат  табылмайды,  түсінілмейді. 
Жалпы  тарихты  оқып  болған  соң,  ұлт  тарихы  мен  ислам  тарихы  тұрсын,  Қытай  мен 
Француз  тарихына  тереңдеймін  десе  де  жол  бос.  Тегінде  тарих  оқудағы  мақсат  қай 
заманда  қандай  себеппен  қандай  өзгеріс  адам  баласының  басынан  кешіп  келгенін 
ұқтырып,  саяси,  ижтимаий,  мәдени,  ықтысади  жиылыстардың  қалай  алға  басатын 
себептері  турасында  бастың  өз  бетімен  тура  ойлауына  жол  ашу  деп  ұғамын.  Әйтпесе, 
өзімшіл,  мақтаншақ,  күншіл  (фанатик)  қылып,  мысалы  «баяғыда  біздің  түрік  халқы 
жауынгер  болған  екен,  орыстарды  билеген  екен,  еуропаны  дірілдеткен  екен,  бабамыз 
Атилла Верденді де қамап, еуропаны қылыштан өткізген екен. Шыңғыс, Темірлан һулагу 
Иран, Үндістан, Қытай, Мысырға дейін дүниені қанға толтырып барған екен. Біз олардың 
тұқымымыз.  Еуропа  бар  ғылым,  үлгіні  мұсылмандардан  үйренді.  Біз  мұсылмандар, 
мысалы,  арабтар  кіл  еуропаның  ұстазымыз,  соңғы  заманда  ислам  дінінің  бұйрығын 
еуропалылар ұстап, осынша бақытқа, қожалыққа жеткен. Біз мұсылмандар ислам дінінен 
көз жазып қалып, мынадай қор болғанбыз. Қайтадан ана еуропадай болу үшін дініміздің 
тазасын  тауып  ұстау  керек»  деп  желпіндіріп,  үйрету  тарихтың  мақсаты  болмасқа  керек. 
Сондықтан осы күнгі қалыпта ұлт тарихы мен дін тарихының керегі шамалы деймін. Бізде 
анық  ұлт  тарихының  беті  әлі  ашылған  жоқ.  Сондықтан  жоқ  нәрсе  турасында  керекті-
керексіз  деп  сөйлемеймін.  Менің  мұндағы  ұлт  тарихы дегенім  осы күнгі  мұғалімдер  ұлт 
тарихы орнына ұстап жүрген түрік-татар тарихы. 
3.  Дін  сабағы.  Мен  әзір  бұл  турада  себептермен  бар  ойлағанымды  жаза  алмасам  да 
айтатыным мынау: курсқа келгендердің бәрі елде дін оқып келгендер. Елде діннен басқа 
ғылым  жоқтығы  мағлұм.  Елде  неше  жыл  өмірін  дінге  беріп,  ғылым  көрмей  келген 
сорлылардың  екі  жылына  тағы  дінді  қосып,  ғылымға  беретін  уақыттарын  курстардың 
алмағаны  жөн.  Елде  беріп  келген  уақыттары  да  аз  емес.  Діннің  тазасын  тауып, 
пәлсафасына  түсіндіріп  оқытамын  деушілер  бар.  Ол  соқырлық.  Себебі  діннің  ретке 
қойылып, тазаланып шықты деген пәлсафасы хақиқи әлі жоқ. Хақиқатының өзі бар нәрсе 
ме, жоқ нәрсе  ме ол әлі  философтар арасында таласта жүрген мәселе. Біреулер дін адам 
баласы  жаратылыстың  сырына  таныс  болмаған  қараңғы  уақытында  жоққа  нанып, 
үрейленуінен  шыққан  нәрсе.  Сондықтан  түбі  шірік,  хақиқаты  жоқ  дейді.  Біреулер  басы 
жоққа  нанып,  үрейленуден  шықса  да,  бұрынғы  будда,  Иса,  Мұхаммед  секілді  адамдар 
адамдық сезімін соған сүйеп айтқан. Адамшылық керек болса, адамдық сезімін халықты 
тулатпай-ақ  сол  қалпында  өсіру  керек  дейді.  Бүл  университеттерде  оқылатын  үлкен 
пәлсафа дүниесі. Мұны біреуге түсіндіру тұрсын, әлі өзі түсінген бізде мұғалім жоқ, бұл 
бір. Мұғалім болсын-ақ, екі жыл ыңғай соны оқытса да тауыспайды, түсінілмейді, бұл екі. 
«Алла екеу болса, жер мен көк бұзылар еді» деп шәкірттерді әуре қылуда қандай мағына? 
Түсіндірмей,  «пәлен  соны  айтты,  нанасың»  деп  оқытудың  шәкірттерге  таңсығы  жоқ. 
Мұны  елде  де  естіп  келген.  Бірақ  зияны  көп.  Бұл  адам  баласының  ақылына,  өз  еркімен 
ойлап,  сезуіне,  арына  жеңдіріп,  жақсылық  қылуына,  арына  жеңдіріп,  жамандықтан 
тыйылуына құрсау, абақты. Ақыл мен арға сүйенбей, құр сенімге сүйенген оқу алға басуға 
бөгет  деген  ақиқат  осыдан  туады.  Нанасың  демей,  түсіндіріп  айту  қазақ  мұғалімдері, 
моллалары  түгіл,  бүкіл  дүние  әлі  түсініп  жете  алмаған  нәрсе.  Түсіндірмей  оқыту  ақыл-
миын байлау болса, түсіндіруге шама жоқ болса не қылмақ керек? 
Меніңше,  үндемей  қойып,  адам  баласының  өмір  тәжірибесімен  анықталған  ғылымдарды 
ғана  оқыта  беру  керек.  Оқушы  жаратылыстың  заңы,  дүниенің  ағысына  сол  ғылымдар 


57 
 
арқылы түсіне бастаған соң, өзі де сезіп, бір жол ұстамақ. Анық ғылым болмаса, күңгірт 
нәрсеге жас буындардың бір минут өмірінің кетуі де кінә деп ұғамын. Курс та бұл кінәні 
істемегені мақұл. 
4.  Өлшеу  талассыз  керек  ғылым  болса  да,  екі  жылда  оқушылар  іске  асыра  алмайды. 
Сондықтан мұндай ғылымдар тап курс шәкірттері халына ең керек деп ұғылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет