10
Ішкі хабарлар
Құрылтай сайлауы
Үржардан жазады. Мырзатай, Қарасу елдері ескі хүкімет заманындағыдай ырынды-
шырынды болмай, 20 жасқа келген ұрғашы-еркек түгел жиналып, «Алаш» списогіне шар
салды. Үш күндей кісінің көптігінен комиссия ағзалары тамақтануға да босай алмады.
Тойға бара жатқан сияқты топ-топ болып, түйеге мінгесіп келе жатқан қатындарға «қайда
барасың?» дегенде «сайлауға барамыз, «Алашқа» шар саламыз» дегенді айтушы еді.
Залым хүкімет заманында сайлау болғанда іннен інге тығылып қашып, «атымызды
стражник мінеді, өзімізді ұлық сабайдыны» ойға түсіріп, мың қайтара шүкіршілік қылып,
құрылтай сайлауын той қылғандай өткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: