Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады.
Технология – бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуімен туындайтын процес.
Оқыту технологиясы –оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі.
Оқыту үрдісі –оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделінген үрдіс.