2013 жылғы №3 басылым 19 беттің сі


Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны



бет17/42
Дата07.02.2022
өлшемі336 Kb.
#94089
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
d4a8ac14-840a-11e3-9ea3-f6d299da70eeпроф пед УМКД

Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Модуль 1. Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Тақырып 1. Кіріспе. «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні, міндеттері
Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылым дамуы, ғылыми таным, ғылыми проблема, ғылыми теория ғылыми зерттеу.
Пәнге кіріспе. Курсты оқыту мақсаты мен міндеті. Ғылымның даму заңдылықтары. Қазіргі кәсіптік білім беру мәселелері. Теория мен практиканың бірлігі.
1. Пәнге кіріспе. Курсты оқыту мақсаты мен міндеттері.
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» курсы 5В012000 «Кәсіптік білім» мамандарын даярлайтын мемлекеттік стандартқа және оқу жоспарына сәйкес жасалынған.
Курстың негізгі мақсаты:
- жоғарғы оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін дайындаудағы орындалатын ғылыми-зерттеу бағытын таңдау негіздерімен және кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасымен таныстыру.
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» курсының негізгі міндеттері:

  • Ғылыми таным мен шығармашылық негіздері туралы түсінік қалыптастыру;

  • Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру;

  • Ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдеу іскеліктерін меңгерту;

  • Кәсіби педагогикадағы ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және ғылыми зерттеу әдістерін қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.

«Кәсіптік білім (профиль бойынша)» мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім стандартына сәйкес студенттер келесі білімді игеруі тиіс:

  • Ғылыми проблеманың пайда болуын;

  • Жаңа білімнің қажеттілігін;

  • Проблеманың шешілу мәселелері жөніндегі бағыт-бағдарын;

  • Ғылым әдіснамасы жөніндегі түсінігі;

  • Теория мен практиканың практикалық бірлігі;

  • Зерттеу логикасын түзе білуі;

  • Зерттеудің жұмысшы жоспарларын түзе білуі.

Іскерлікті игеруі тиіс:

  • Педагогикалық эксперименттердің түзілімін;

  • Зерттеу аппаратын және зерттеу әдіснемесін анықтауды;

  • Социологиялық зерттеу негіздерін пайдалануды;

  • Материалдарды өңдеудің математикалық тәсілдерін игеруді;

  • Әдебиеттермен жұмыс істей білуді;

  • Зерттеу мазмұнының жазылу тәсілдерін меңгеруді.



2. Ғылымның даму заңдылықтары. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау негізі.
Ғылым – шындық жөніндегі объективтік заңдарды жасап шығару және ториялық жүйеге келтіру жүретін іс-әрекет ауқымы.
Ғылым табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы.
Ғылымның ауқымындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу - таным процесінің ерекше формасы. Ғылыми зерттеу барысында объектілерді жүйелі және мақсатты зерттеу, онда құралдарды және ғылыми әдістерді пайдалану және зерттелетін объектілер жөніндегі білімдерді қалыптастыру мен қорытындылау жүргізіледі.
Ғылыми таным: танымдық іс-әрекетті арнайы адамдар тобы жүзеге асырады. Жүзеге асыру түрі – ғылыми зерттеу. Ғылым тарихында арнайы таным құралдары, ғылыми зерттеу әдістері шығарылып, жасалады.
Ғылыми зерттеу жүйелі және мақсатқа бағытталған болады.
Ғылыми-зерттеу қызметі – зерделеніп отырған объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшеліктерді, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеу және алынған білімді практикада пайдалануға байланысты қызметтің түрі.
Іргелі ғылыми зерттеулер – табиғат, қоғам адам дамуының және олардың өзара байланысының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған теориялық және тәжірибелік қызмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет