Шағын және орта кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдаудың қолданылып жүрген құралдарын белсенді пайдалануға, ҒӨК және басқа да ұйымдармен өзара тығыз іс-қимыл жасауға, сонымен бірге қала кәсіпкерлерінің мүддесін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту арқылы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысына ерекше көңіл бөлінетін болады.
Нәтижесінде 2020 жылға қарай субъектілердің жалпы санындағы ШОБ белсенді субъектілерінің үлесі 92%-ға дейін, ШОБ-тан қаланың бюджетіне түсімдердің үлесі 55%-ға дейін өсуі, шығарылған өнімдердің көлемі 5 трлн астам теңгені құрауы, ал ШОБ-та жұмыс жасайтын адамдардың экономикалық белсенді халықтың жалпы санынан үлесі 60%-ға дейін өсуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |