«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»


Білім беру ресурстарымен жұмыс жасау ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет44/70
Дата13.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#180977
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023

Білім беру ресурстарымен жұмыс жасау ерекшеліктері 
Білім беру ресурстары білім алушыларға жаңа білімді игеруге, дағдыларды 
дамытуға және шығармашылық ойлауды ынталандыруға көмектесетін білім беру 
процестерінде шешуші рөл атқарады. Олар сонымен қатар педагогтерге қызықты 
және тиімді сабақ әзірлемелерін жасауға көмектеседі. Білім беру ресурстарын 
білім алушылар да, мұғалімдер де білім беру процесін жақсарту және нығайту 
үшін пайдаланады. 
Білім беру ресурстарының түрлерін мыналар құрайды: оқулықтар мен оқу 
құралдары, онлайн курстар, мультимедиалық материалдар, веб-ресурстар
интерактивті оқу қосымшалары мен бағдарламалары, білім беру ойындары, 
арнайы құрал-жабдықтар (зертханалық жабдықтар, белгілі бір пәндерді оқытуға 
қажетті техникалық құралдар мен жабдықтар). 
Мұғалімнің білім беру ресурстарымен жұмысы бірқатар ерекшеліктер 
мен негізгі аспектілерді қамтиды: 
Сабақты жоспарлау және ресурстарды таңдау
: Мұғалімдер әртүрлі 
білім беру ресурстарын қолданып сабақ жоспарларын әзірлейді. Мұғалімдер өз 
сабақтары үшін ең қолайлы білім беру ресурстарын таңдайды. Олар ұсынылған 
оқулықтан басқа оқу құралдарын, интерактивті бағдарламаларды, оқу бейне, 
онлайн материалдар, медиа-контент және басқа да қосымша ақпарат көздерін 
қамтуы мүмкін. 
Мәдени маңызды материалдар
: мұғалімдер білім алушылардың 
тәжірибесін, елдік, аймақтық және жергілікті контексті көрсететін әртүрлі және 
мәдени маңызды білім беру ресурстарын қамтуы мүмкін. 
Технологияларды кіріктіру
: Қазіргі білім беру ресурстары көбінесе 
технологиялық компоненттерді қамтиды. Мұғалімдер оқу тиімділігін арттыру 
үшін интерактивті тақталарды, электронды оқулықтарды, білім беру 
қосымшалары мен бағдарламаларын қолдана алады. 
Білім алушыларды тарту
: мұғалімдер білім алушыларды оқу процесіне 
тарту үшін олардың сабаққа белсенді қатысуы мен сыни ойлауына әсер ететін 
әртүрлі білім беру ресурстарын пайдаланады. 
Оқытуды даралау
: Мұғалімдер білім беру ресурстарын білім 
алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру үшін пайдаланады. Олар білім 
алушылардың қабілеті мен қызығушылығының әртүрлі деңгейлеріне сәйкес 
материалдарды таңдай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет