Алқабилердің қатысуымен сот қараған істерді апелляциялық сатыда іс жүргізу ерекшеліктері (ҚР ҚІЖК 575-бап).
Аппеляциялық сатыда сот ісін жүргізу заң күшіне енбеген шағым жасау мен наразылық білдірулердің, алқабилердің шығарған үкімдері мен қаулыларын заңда көрсетілген тәртіппен кайта қарайды.
Апелляциялық сатыда сот шешімдерінің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге:
істі аяқтау үшін айтарлықтай маңызы болуы мүмкін жол берілетін дәлелдемелерді талқылаудан негізсіз алып тастау;
істі аяқтау үшін айтарлықтай маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді тараптың зерттеуінен негізсіз бас тарту;
істің аяқталуына әсер еткен дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтын іс жүзіңдегі деректерді сот отырысында зерттеу;
ҚР ҚІЖК-нің 415-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу негіз болып табылады.
Апелляциялық саты сотталған адам онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық занды қолдануға және жасалған әрекеттің дәрежеленуінің өзгеруіне сәйкес жазаны жеңілдетуге құқылы. Бұл ретте, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық занды қолдануға немесе тағайындалған жазаны ауырлатуға құқылы емес.
Қылмыстық іс жүргізу заңының прокурордың, жәбірленушінің немесе оның өкілінің дәлелдемелерді ұсыну құқығын шектеген бұзушылық жағдайларын қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкімі апелляциялық сатыда күшін жоймауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |