Электр жетегінің қозғалыс теңдеулері
Көптеген жағдайда ЭЖ жылдамдығын бәсеңдеткен немесе жылдамдатқан кезде инерциялық күштер пайда болады. ЭҚ ауыспалы режимдерінде болатын бұл күштерді жою керек. Сонымен ЭЖ ауыспалы режимі деп, бір тұрақты режимнен екінші тұрақты режимге жылдамдық, момент және ток өзгеріп тұратын кездегі ауыспалы жұмыс режимін айтады.
Ауыспалы режимнің пайда болу себептері, не жүктеменің өзгеруі, не ЭЖ-ті басқарған кезде оған жасалатын әсерлердің, яғни қозғалту, тежеу, айналу бағытын өзгерту және т.б. Ауыспалы режимдер электр жабдықтаудың әдеттегі жағдайы бұзылған кезде де пайда болады (мысалы кернеу немесе желінің жиілігі өзгерген кезде).
ЭЖ-нің қозғалыс теңдеулерін қарастырғанда ауыспалы режим кезіндегі барлық күштерді және моменттерді есепке алу керек. ЭҚ-ның жылдамдығын үдеткен кезде қозғалту күші Ғ, машинаның кедергі күші Fк жене инерциялық күш m*/t теңеледі.
Егер де дененің массасы килограммен өлшенсе, ал жылдамдық, - м/сек, онда инерция күші ньютонмен (кг.м.с -2) өлшенеді.
F=Fk=m (1.5)
Айналу жылдамдық үшін моменттердің тепе-теңдік теңдеуі
M-Mk=J (1.6)
мұндағы J – динамикалық момент.
(1.6) теңдеуді талдасақ:
а)М >МС 0 болса, онда ЭЖ жылдамдату болады;
б) М < Мс < 0 болса, онда ЭЖ-ті бәсендету болады;
в) М - Мс = 0 болса, онда ЭЖ тұрақты режимде жүмыс істейтін болады.
Егер де, жұмыс істеп тұрған ЭҚ-тың айналу моментінің бағыты ЭЖ қозғалту жағына бағытталса, онда ол оң деп алынады, ал егер де қозғалысқа кері бағытта болса, онда ол теріс деп аталады.
Кедергі моменттің алдында минус таңбасы болса, онда ол тежеу режимін білдіреді. Бұл кесуді , қажалу шығынын, жүкті көтергенді, серіппені сығымдағанда жылдамдық бағытының оң екенін білдіреді. Егерде жүк түсіру кезі болса, онда Мк алдына минус таңба қойылады, себебі бұл жағдайда кедергі момент ЭЖ-нің айналуына көмектеседі.
Динамикалық момент тек ауыспалы режимде пайда болады, яғни жылдамдық өзгерген кезде. ЭЖ жылдамдаткан кезде бұл момент қозғалысқа кері, ал тежеу кезінде ол қозғалысты қолдайды. Динамикалық момент мәні бойынша және таңбасы бойынша да ЭҚ-тың моментімен кедергі моменттің алгебралық қосындысына тең.
Жалпы жағдайда ЭЖ-нің қозғалыс теңдеуін мына түрде жазуға болады:
M Mс = J (1-7)
Моменттердің алдындағы таңбаларының түрі ЭҚ-тың жұмыс режимдерінен және кедергі моменттерінің сираттамаларына тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |