3.10. Тақырып 10. Электр жетек динамика негіздері. ротор жылдамдығына моменттер мен күштерді келтіру. Инерция моменттерін келтіру.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Москаленко В.В. Электрический привод. М: Энергоатомиздат, 2000– 415 с.
2. Чиликин М.Г., Сандлер А.С. Общий курс электропривода. – М: Энергия, 1981. – 1981 г.
3. Басов А.М., Шаповалов А.Т., Кожевников А.С. Основы электропривода и автоматическое управление электроприводом в с.х. – М: Колос, 1972. – 344 с.
4. Шичков Л.П. Автоматизированный электропривод. Методические указания и задания. – М.: ВСХИЗО, 1986.
Электр моментінің механикалық сипаттамалары
Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сираттамалары
Қозғалтқыштың якорі Я және қоздыру орамасы ҚО бір-бірінен тәуелсіз түрленгіштерден U жәнеUқ-лардан көректендіріледі. Бұл жағдайда қоздыру ток Іқ якорь тоғынан Ія- дан тәуелсіз. Механикалық сипаттаманың көрінісі якорь тізбегінде құралған кернеулердің тепе-теңдік теңдеуінен табылады. Қозғалтқыштың байсалды режимде жұмыс істеп тұрғандағы кернеуі Uякорь тізбегіндегі кернеу құлауы ІR және якорьдің айналу электр қозғаушы күші (ЭҚК) Е-мен теңгеріледі, яғни
2.1 сурет-Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышы
U=ІR+Е (2.1)
мұнда І - қозғалтқьштың якорь тізбегіндегі ток, А; R-якорь тізбегінің қосынды кедергісі(Rх+Rя), Ом;
Е = КФ (2.2)
Мұндағы К = ; Р - полюстердің жұп саны; N-якорь орамасының өткізгіштер саны; а-якорь орамасының паралель тармақтары;
Ф-магнит ағыны Вб; - бұрыштық жылдамдық, рад/сек.
Егер де (2.1) тендеуге Е=КФ қойсақ, онда қозғалтқыштың жылдамдық тендеуі шығады:
(2.3)
(2.3) тендеуі қозғалтқыштың айналу жылдамдығының якорь тоғынан тәуелділігін көрсетеді. = (І) тәуелділікті қозғалтқыштың электрмеханика-
лық сипаттамасы деп атайды.
Механикалық сипаттаманы тұрғызу үшін, электр қозғалтқыштың айналу жылдамдығының моментінен тәуелділігін табу керек.
Қозғалтқыштың моменті:
М = КФІ, (2.4)
Егер де (2.3) теңдеуге (2.4) теңдеуінен І-дің мәнін қойсақ,онда:
(2.5.)
немесе
(2.6)
мұндағы С = КФ
2.2-суретте тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың якорь тізбегінің әртүрлі кедергілері үшін тұғызылған механикалық сипаттамалар келтірілген.
Егер де М= О болса, онда барлық сипаттамалар ординат бойында жатқан 0 нүктесі арқылы өтеді. Бұл нүктедегі бұрыштық жылдамдық кедергіден тәуелсіз. Бұл жылдамдық мүлткісіз бос жүріс жылдамдық деп аталады. Ол:
(2.7)
R1 R2 R3 R4 R5
2.2 сурет- Механикалық сипаттамалар.
Егер де қозғалтқыш жүктемесіз 0 жылдамдықпен жұмыс істеп тұрса, онда оның білігінде кедергі моменті Мк пайда болғанда бұрыштық жылдамдық азаяды. Осы себептен ЭҚК-і Е азаяды, ал ток І және момент М ұлғайады. Бұрыштық жылдамдық қозғалтқыштың моменті М кедергі моментіне Мк тең болғанға дейін азаяды.(2.5) теңдеудің екінші мүшесі ЭЖ-нің жылдамдығының статикалық кұралуы деп аталады.
Қозғалтқыштың жылдамдық теңдеуін былай деп жазуға болады:
=0- (2.8)
Табиғи сипаттама жылдамдығының теңдеуі
(2.9.)
Қосымша кедергі Rқ якорь тізбегіне қосылған кезде жылдамдықтың төмендеуі:
(2.10)
Бұл жағдайға сәйкес сипаттамалар, жасанды сипаттамалар деп аталады.
Егер де (2.8) теңдеуді 0 бөлсек,онда жылдамдық азаюы салыстырмалы бірлікте көрсетіледі:
(2.11)
Достарыңызбен бөлісу: |